Нұр-Сұлтанда шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

458



26 ақпанда «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар туралы халықты кеңінен ақпараттандыру.

Шара барысында ізденушілер жұмыс берушілермен кездесіп, жалақы деңгейі мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Жәрмеңкеге қатысушылардың алдын ала сұхбаттасудан өтіп, сол жерде түйіндемені жұмыс берушілерге қалдыра алады.

Шара сағат 10.00-13.00 аралығында өтетін болады.

Айта кетсек, шағын жәрмеңке жұмысын әр аптаның сәрсенбісінде өткізу жоспарланған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -