Кәмелеттік жасқа толмаған бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар тергеу изоляторына экскурсия жасады

726

Пробация есебінде тұрған кәмелетке толмаған сотталғандарға арнап Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің побация қызметінің ювеналды әділет тобының инспекторлары пробация қызметінде есепте тұрған кәмелетке толмаған сотталғандармен ОВ 156/1 тергеу изоляторына экскурсия жасады.

Кәмелетке толмаған сотталғандарды олардың заңды өкілдері алып жүрді. Істі болған кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандар және олардың өкілдері сотталушылардың жазаларын өтейтін жерді,асханасын, жататын орындары мен тергеу изоляторын толығымен аралады.

Үлбі аудандық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет аға лейтенанты Әділет Асиновтың айтуынша, экскурсияның негізгі мақсаты есепте тұрған кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандардың қайталама қылмыс жасауының алдын алу болды - дейді.

Сондай-ақ, тәжірибеге сүйенсек мұндай мәдени-бұқаралық шаралардың нәтижесі кәмелетке толмағандардың  тәрбиелеуінің жалпы үрдісіне оң әсер ететінін айта кетті. Осымен бірге, түзету орындарының  жақсы моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыратынын ескерді.

Сонымен қатар, ювеналды әділет тобының инспекторлары кәмелетке толмаған бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған тұлғалардың заңды өкілдерімен де құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша балалармен үнемі байланыста болып, қадағалауды ескертті.

Жалпы экскурсия ойдағыдай өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -