"Байқоңыр" аудан әкімінің аппараты "Біз біргеміз" эстафетасы аясында сенбілік өткізді"

707



Бүгін "Байқоңыр" ауданы әкімінің аппараты "Біз біргеміз" қайырымдылық эстафетасын қолдау мақсатында сенбілік өткізді, деп хабарлайды әкімдік сайты

"Бүгін "Біз біргеміз" акциясы аясында "Байқоңыр" ауданының жастары, студенттер мен "Байқоңыр" ауданы әкімінің аппараты Ш. Уәлиханов көшесін Бөгенбай батыр даңғылынан А. Кравцов көшесіне дейін тазалауға шықты. Біз тротуарларды қардан тазартатын боламыз. Бізге қосымша арнайы техникасы бар мердігерлер көмектеседі. Аталмыш акцияға 200 студент пен 50 әкімдік қызметкерлері қатысуда", - деді "Байқоңыр" ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев.

"Байқоңыр" ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов аталмыш акцияға қатысушыларға өз алғысын білдірді. Ол сондай-ақ акция "Өндіріс" және "Кирпичный" тұрғын үй алаптарында өткізілетінін атап өтті.

"Өндіріс" және "Кирпичный" тұрғын алаптарында да қар тазалау акциясын өткізетін боламыз. Биыл қар көп болды. Біз қар жинау жұмыстарын барынша жалғастырып, ол үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Аудан тұрғындарын түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытуды сұраймыз", - деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, бүгінде аудан бойынша 350 арнайы техника, "Кирпичный" тұрғын үй алабы бойынша 50 арнайы техника жұмылдырылған.

"Өндіріс"тұрғын алабы бойынша осы түнде біздің мердігер ұйымдардың 68 арнайы техникасы жұмылдырылды. Бүгінде онда 35 арнайы техника жұмыс істейді. Түнде қар тазалау жұмыстарын күшейтетін боламыз", - деді Н. Нұрсағатов.

Оның айтуынша, ауданда 15 мердігерлік ұйым жұмыс істейді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің аппараты барлық адамдарды қайырымдылық эстафетасын қолдауға және сенбілікке қатысуға шақырады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -