Алматыда ирригациялық жүйелер шығаратын зауыт салынады

580



Мегаполистің Индустриалды аймағында өндірістік қуаттар үшін алаңдар ұсынылады.

Мұндай келісімге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Valmont Industries компаниясының жаһандық операциялар бойынша вице-президенті Роберт Гилленмен кездесуі барысында қолжетті. Ирригациялық жүйелерді шығару жөніндегі инвестициялық жобаның құны 50 млн доллар.

Кездесу барысында компанияның механикаландырылған ирригациялық машиналарды шығаратын әлемдегі ірі өндіріс орны әрі дистрибьютор екені атап өтілді.

Алматының өндірістік алаң ретінде таңдалуы кездейсоқ емес. Логистика және жобаны іске асыру үшін ұсынылатын мүмкіндіктер тұрғысынан қарағанда қала инвесторлар үшін тартымды.

«Сіздердің Индустриалды аймақта болуларыңыз Алматының жоғары инвестициялық тартымдылығының тағы бір дәлелі және қаламыздағы инвестициялық өндіріске қаржы салу бойынша өзге халықаралық компанияларға үлгі болып табылады», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінгі күні Алматының Индустриалды аймағында 43 компания жобаларды іске асыруға кірісіп кетті, олардың 9-ы шетелдік компанияның қатысуымен жүруде. Инвестицияның жалпы сомасы - 181 млрд теңге. Мұнда 6,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады.

8 кәсіпорын пайдалануға берілді, инвестицияның жалпы сомасы - 26,6 млрд теңге. 985 жұмыс орны ашылатын болады.

Ағымдағы жылы құны 24,1 млрд теңге болатын 14 жобаны іске асыру, 1369 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -