Түркістанда қарақшы тұрғындардың жеке мүлкін иеленген

618



Адам тонап, қылмыс жасаған қарақшылар Түркістан қаласында қолға түст.

Түркістан қалалық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Кентау қаласының тұрғыны арызданды. Белгісіз біреу оның кәмелетке толмаған ұлын тонап кеткен.

Арыз иесінің айтуынша, оқиға таңертеңгі сағат 9 бен 10 аралығында болған. Облыс орталығындағы көшелердің бірінде бейтаныс адам оның баласы мен қасындағы досын «Опель» көлігіне күштеп отырғызады. Қорқытып, күш көрсеткен қарақшы жасөспірімдердің ұялы телефонын, сөмкесін, ақшасы мен құжаттарын алып, ізін суытқан.

Бұл жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы “Тонау”  бойынша тіркелді.

Жәбірленуші тарап өзіне келген шығынды 50 мың теңгеге бағалады. Күдіктіні іздеуге Түркістан қалалық полиция бөлімшесінің жеке құрамы толық бағытталды. Тәртіп сақшылары жақын маңды түгел тінтіп, куәгерлерден жауап алу арқылы оқиға болған жерді мұқият тексеріп шықты.

Полиция қызметкерлері көп ұзамай Түркістан қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктіден айғақ заттар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оны қамауға алған полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Бұл – өңірде болған бір ғана жағдай емес. Сол күні тағы бір жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, ақша мен құжаттар салынған әмиянының ұрланғанын айтқан. Балабақшалардың бірінде әмиянын киім бөлмесінде қалдырып кеткен әйел 5 минуттан соң қайтып оралғанда өз затын таба алмапты.

Әмиян ішінде 150 мың теңгеден аса ақша, банк карталары мен жеке құжаттары болған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы – “Ұрлық” бойынша тіркелді.

Түркістан қалалық полиция бөлімшесінің қызметкерлері қылмыс орнын қарап, куәгерлермен сөйлесіп, бейнебақылау камераларын тексерді. Жақын орналасқан аумақтарды да аралап көрді. Бірнеше сағатта қолға түскен күдікті Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты.

Жас жігіт бұрын да көлікке ұрлыққа түсіп, сол үшін сотты болған. Ол балабақшаның киінетін бөлмесіне кіріп, жәбірленушінің қараусыз қалған әмиянын алғанын мойындады.

Қазір өзгенің мүлкін ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Айғақты заттар алынды. Тергеу күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтайтын болады.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әркез сақ болып, жеке мүліктерін қараусыз қалдырмау керек екенін ескертеді. Қоғамдық орындарда құнды заттарды қараусыз қалдырмаған жөн. Ақша мен әмиянды қалтаға салып жүріңіз немесе қолда ұстаңыз. Ал белгісіз біреудің тонауына тап болсаңыз, дереу арада полицияға хабар берген дұрыс. Бұл – қылмысты ертерек ашуға және ұры мен қарақшыны тез ұстауға септігін тигізеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -