Қазақстанда карантин жағдайында шектеу шараларын бұзғаны үшін азаматтардың жауапкершілігі күшейтілді

1038



ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында онлайн-баспасөз конференциясы шеңберінде ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев пен ҚР ӘМ заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков ТЖ кезінде карантиндік режимді бұзған азаматтардың жауапкершілік шаралары туралы хабардар етті.

Ведомство басшысының ақпараты бойынша бірнеше қалада карантин режимі күшейтілуде. Осыған байланысты осы қалалардың азаматтары мен тұрғындарына қосымша шектеу шаралары қолданылады.

"Біздің әрқайсымыз осы талаптарды қаншалықты дұрыс орындауымыз олардың тиімділігіне байланысты болады", - деп атап өтті М. Бекетаев.

Спикер атап өткендей, бұл шаралар мәжбүрлі және уақытша, сондықтан оларға түсіністікпен қарап, барлық талаптарды үлкен жауапкершілікпен орындау қажет.

М. Бекетаевтың айтуынша, әкімшілік және қылмыстық санкциядар алдын алу қызметін атқарады және азаматтарды заңнаманы бұзбауға ынталандыруы тиіс. Сондай-ақ, ол карантин режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар бюджетті толтыру мақсатының жоқ екенін атап өтті.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, спикер келесіні атап өтті:

  • егер полицейлер қолында еңбек қатынастарын растайтын құжаттары жоқ азаматты тоқтатқан жағдайда, адамның қайда және қандай мақсатпен жіберілгенін жан-жақты түсіндіру қажет. Бұдан басқа, полицияға кадр қызметінің немесе жұмыс берушінің нөмірін ұсыну қажет. Егер полицейде күмән қалып, хаттама қалыптасса, онда полиция қызметкерінен бұл әкімшілік іс сотта қаралатын болады. Бұдан әрі сотқа өзінің дәлелдерін, қосымша дәлелдемелерді ұсыну қажет. Сот барлық жағдайды ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайды.
  • жаппай іс-шараны ұйымдастырушы мен қатысушы карантинді бұзғаны үшін бірдей жауап береді: 26 мың теңге мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу. Сот шешімі бойынша әр түрлі мән-жайларды ескере отырып, түрлі санкциялар қабылдануы мүмкін.
  • қазақстандықтардың атына коронавирус ауруының расталған диагнозы бар, байланыс құралдары арқылы немесе жария кеңістікте келіп түсетін қауіп-қатер фактілері дәлелденген жағдайда, бұл қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады, ол тиісті түрде тексеріледі және тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тартуға ықпал етеді.
  • көшелерде жүріп-тұру үшін жұмыс орнынан анықтаманы қолдан жасау фактісі қылмыстық жазаға әкеп соғады.

ҚР ӘМ заңнама департаментінің директоры О. Данабеков өз сөзінде үйден шығу үшін, оның ішінде азық-түлік сатып алу үшін нақты негіздер анықталғанын еске салды. Оның айтуынша, коронавирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында жақын маңдағы дүкендерден азық-түлік сатып алу ұсынылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -