«Даму» Қоры алаяқтар жайлы ескертеді

568



«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қауіпсіздік қызметі Қордың атын жамылған алаяқтардан сақ болуды ескертеді. Мемлекеттен субсидия және кепілдік алған Қор клиенттеріне әлдебір азаматтар телефон соғып, өздерін «Даму» Қорының қызметкерімін деп таныстырып, биржадан акция, облигациялар сатып алуға ұсыныс жасайтыны анықталды. 

Осыған орай, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мұндай келісім-шарттарға қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді.  Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар. 

Осындай ұсыныс жасап, Қор қызметкерлерінің атынан қоңырау түскен жағдайда төмендегі құпия байланыс құралдары арқылы дереу хабарласуды сұраймыз.    

  • пошта: senim@fund.kz;
  • сенім телефоны: +7(727) 244 82 71; 
  • Call-орталық 1408 (тегін қоңырау).
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -