Қазақстан мен Татарстан тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізбек

408



Қазақстан мен Татарстан тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан "Президенттік институт: Қазақстандық модель" атты халықаралық парламенттік конференция аясында Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин айтты.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Татарстанның бірінші Президенті Шаймиевтің жеке байланыстары-сенім кепілі. Ал бұл келешекке деген сенім. Біз бірлескен мүдделі күш-жігердің арқасында Татарстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемін 700 млн доллардан асыра алдық. Кеше Үкіметте Премьер-Министрмен және Парламент палаталарының өкілдерімен тауар айналымын 1 млрд долларға дейін жеткізу мәселесін талқылап, өзімізге міндет жүктедік. Таяу 2-3 жылдан бұған қол жеткізуге барлық мүмкіншілік бар", – деді ол.

Мұхаметшиннің атап өтуінше, қазіргі уақытта екі елдің кәсіпорындары мұнай өңдеу, КамАЗ жүк көліктері бойынша белсенді ынтымақтастықта жұмыс істеп жатыр. Мәселен, алдағы уақытта Қазақстанда КамАЗ жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерін шығаратын жаңа зауыт салынбақ.

"Көптеген жаңа бағыт бар. Біз қазақстандық бизнес сынды сенімді серіктестермен барынша ынтымақтастықты жолға қоюға қажетті мұнай химиясы, фармацевтика және өзге де бағыттарды талқыладық. Біз қытайлық және ресейлік тараппен бірге Ресей арқылы Еуропаға жолаушылар легі мен жүк тасымалы жүретін Жібек жолының тезірек салынуына мүдделіміз. Қазақстан тарапы жұмыстың өз бөлігін сәтті аяқтады. Бізде Татарстан аумағында жол төсеу жұмыстарын жүргүізіп жатырмыз. Таяу жылдардың ішінде осынау тарихи Жібек жолы пайдалануға беріліп, елдеріміздің экономикасына мол үлес қосады деп ойлаймын", – деді Фарид Мұхаметшин.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -