Алматыда соттан тыс және сотқа дейін дауларды реттеу институттарына не жетіспейтіні айтылды

287



Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «Әділет» жоғары құқық мектебінде кездесу өткізді.

Шараға «Әділет» жоғары құқық мектебінің деканы, еліміздің Жоғары соты жанындағы Ғылыми-ақылдастық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Светлана Мороз, Қазақстан Ұлттық тұтынушылар одағының басқарма басшысы, Қазақстан Медиаторлар одағының президенті, ассоцияланған профессор Светлана Романовская, адвокаттар, ғалымдар мен докторанттар қатысты.

Кездесу депутат бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соттан тыс және сотқа дейінгі дауларды реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында өтті. Онда заң жобасына енгізілетін өзгерістер қаралды.

Жүздесуге қатысушылар Қазақстандағы медиация институтын одан әрі дамытудың келешегін, соттан тыс және сотқа дейін дауларды реттеу институттарын мемлекеттік реттеу тетіктерін, сондай-ақ медиацияға қатысты өзекті мәселелерді қызу талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жинақталған ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдардың, ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен өтетін жұмыс тобының отырыстарында қарастырылып, зерттелетін болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -