Қазақстан мен Иордания тікелей әуе байланысын жолға қою бойынша қадамдарды белгіледі

460



ҚР-дың Аммандағы Елшілігінің Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе қатынасын ашуға бағытталған күш-жігері аясында ү.ж. 1 наурызда Елші Айдарбек Тұматов Иорданияның Туризм және ескерткіштер министрлігінің Бас хатшысы Имад әл-Хижазинмен кездесті.

«SCAT» әуекомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен бірқатар қазақстандық туроператорлардың қатысуымен өткен кездесу барысында туризм саласындағы, оның ішінде чартер рейсін ашу және туристік компаниялар мен екі елдің тиісті құрылымдары арасындағы байланысты дамыту арқылы екіжақты қатынастарды нығайту перспективалары талқыланды.

 Келіссөздер барысында тараптар өзара туристік ағымның артуына және екі елдің мәдени байланыстарының дамуына ықпал ететін осы мәселе бойынша әрекеттерді бірлесіп үйлестіруді жалғастыруға өзара тілек білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -