8 наурыз қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері еңбек ардагеріне құрмет көрсетті

1676

Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында күрделі кезеңдерді еңсерген ардагерлерді құрметтеу- әрбір қазақстандықтың парызы.

Бүгін #Игістеруақыты акциясы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы Базаралы Бақтыгереев, Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайрулинмен бірге Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында тұратын еңбек ардагері Аминаш Ибраевамен кездесті.

Кездесу жылы және достық жағдайында өтті. Базаралы Бақтыгереев МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова және Агенттіктің ұжымы атынан ардагерге қызметі мен қажырлы еңбегі, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, алдағы келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, бағалы сыйлық табыс етті.

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

Аминаш Ибраева 1942 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Ақмола құс фабрикасында құс бағушы болып 42 жыл жұмыс істеген. Күйеуі Амангелді Ибраев тракторшы-механизатор болып жұмыс жасаған, 1983 жылы қайтыс болған. Амина апаның өзі алты бала туып өсірді, оның екеуі қайтыс болған. Үлкен ұлының жары қайтыс болуына байланысты оның ұлдарын өзі тәрбиелеген.

Аминаш апаның қызы балабақшада тігінші болып жұмыс істейді, орта ұлы жеке кәсіпорында еңбек етеді. Кіші ұлы «Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнында моторшы-жүргізуші. Оның жұбайы Татьяна Александровна аудандық кітапхана басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.

На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят, стол, еда и в помещении

Дастархан басында қазақ халқының мейірімділігі мен қонақжайлылығы, ұлттық құндылықтар, ұлы ақын Абай Құнанбаев пен философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, олардың ұлттың рухани қалыптасуына әсері туралы айтылды. Аминаш апа қонақтарға қолдау және қамқорлық көрсеткендері үшін алғысын білдіріп, кәсіби қызметіне табыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы жариялаған Волонтер жылы аясында Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова #Игістеруақыты акциясының басталғанын жариялады және барлық мемлекеттік қызметкерлерді аталған бастамаға қосылуға шақырды.

 

Фото: МҚІА

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -