Елімізде ортамерзімдік экономикалық даму жоспары әзірленді

472



28 қаңтарда Үкімет отырысында Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеу туралы баяндай келіп, «Мемлекет басшысының тапсырмаларын нақты іске асыруға арналған нақты шаралар әзірленеді», - деді Ұлттық экономика министрлігі басшысы

1. Салық-бюджет саясаты бойынша мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығы үшін ашық және прагматикалық саясат құру шаралары әзірленеді. Барлық салықтық преференциялар мен жеңілдіктер олардың тиімділігі тұрғысынан қарастырылады.  

2. Ақша-кредит саясаты мен қаржы секторы бойынша инфляция мен экономикалық өсу арасындағы консенсусқа қол жеткізу шаралары әзірленеді.

3. Мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор бойынша құзыреттілік пен тиімділікті арттыруға және дебюрократияға қатысты шаралар әзірленеді.

4. Кәсіпкерлікті, бәсекелестікті дамыту және мемлекет меншігінен алу бойынша кешенді шаралар іске асырылады. Бұл – нарықтағы монополияның күшін, әкімшілік және экономикалық кедергілерді жою, сондай-ақ бизнестің мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі.

5. Агроөнеркәсіптік кешен бойынша ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты мемлекеттік қолдау үшін барлық жағдай жасалады.

6. Өнеркәсіп және құрылыс бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды, қайта өңдеу өнеркәсібін тиімді дамыту, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру шаралары қабылданады.  

7. Сауда саясаты бағдарламасы әзірленеді.  

8. Әлеуметтік саясат бойынша заңнаманы инвентарлау жүргізіледі.

9. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шаралар, оның ішінде Денсаулық кодексі қабылданады. Кодекс жобасы ашық және кеңінен талқыланады.

10. Білім беру бойынша педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру шаралары қабылданады.


фото: kapital.kz

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -