Перейти к основному содержанию
12 Февраля 2019  14

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 6 361 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 6 361 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бастамаларына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда.

Сіздердің назарларыңызға жоғарыда көрсетілген әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпаратты ұсынамыз.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша:

Бағдарлама екі бөліктен тұрады. 

1) Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. 

Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі
130 млрд теңге бөлді. 

1

2019 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 161,1 млрд теңге сомаға 26 021 қарызды мақұлдап, 141,1 млрд теңге сомаға 24 195 қарызды қайта қаржыландырды. 

Өңірлер мен банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады. 

2) Бағдарламаның екінші бөлігінде Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы
18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделіп отыр.

2019 жылғы 10 ақпанда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 53,6 млрд теңге сомаға 6 361 өтінімді мақұлдап, 38,6 млрд теңге сомаға 4 917 қарызды қайта қаржыландырды. 

Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 қаулысымен Банктер валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы
15 шілдеге дейін
ғана ұзартылды, қарыз алушының/қоса қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2019 жылғы 1 шілдені қоса алғанға дейін белгіленді. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет. 

Өңірлер мен банктер бойынша толығырақ ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады. 

Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің Бағдарлама талаптарын түсіндіру бойынша халықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс нөмірлері Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында орналастырылған. Байланыс нөмірлеріне мына сілтеме бойынша қолжеткізуге болады. 

Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктердің тиісті филиалдарына олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз. Филиалдардың байланыс нөмірлеріне «Байланыс нөмірлері» бөлімінде мына сілтеме бойынша қолжеткізуге болады. Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады.

«7-20-25» Бағдарламасы бойынша:

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша қарыз алуға 102,2 млрд теңге сомаға  8 939 өтініш қабылданды. Оның ішінде 61,2 млрд теңге сомаға қарыз беруге 5 181 өтініш мақұлданды. 

Бағдарламаның талаптарымен сілтемесі бойынша танысуға болады.

 

Егер Сіздерде бағдарламалар бойынша сұрақтар туындаса, Сізден Қазақстан Ұлттық Банкіне:

- 050040, Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй; e-mail: hq@nationalbank.kz мекенжайы бойынша ресми өтініш білдіру арқылы; 

- Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіру арқылы, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін Қазақстан Ұлттық Банкі тиісті филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесіне олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз;

- «ҚҰБ Online»  мобильдік қосымшасы арқылы өтініш білдіруді сұраймыз. Google Play Market арқылы жүктеу үшін сілтеме; AppStore арқылы жүктеу үшін сілтеме. 

Егер Сіздерде «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-қа www.baspana72025.kz. өтініш жасауды сұраймыз  Сall-орталық + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейді.

 

фото: Kn.kz