Перейти к основному содержанию
25 Декабря 2018  11

Қазақстанда автогаз әзірше арзандамайды

Қазақстанда автогаз әзірше арзандамайды

Шенділер көгілдір отынның көтерме бағасын өзгеріссіз қалдыруды ұйғарыпты.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қараша айында Энергетика министрлігі 2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейін сұйытылған мұнай газының шектік бағасын ҚҚС қоспағанда тоннасына 31 000 теңге (қазір 38 701.67 теңге) мөлшерінде бекітетін бұйрықты әзірлеген болатын.

Аталған отынның арзандауын көліктеріне газ баллон орнатып алған азаматтар асыға күткен еді, алайда желтоқсан айында энергетика мамандары мүлде басқа құжатқа қол қойып, оны жариялап та қойыпты. Жаңа бұйрыққа сәйкес, сұйытылған мұнай газын ҚР-ның ішкі нарығына электронды сауда алаңдарынан тыс жеткізу жоспарының аясында аталған отынның шектік бағасы бұрынғыдай, яғни тоннасына 38 701.67 теңге көлемінде қалған.

 

Kolesa.kz