Алматы, Казахстан

«Кірпіштеріне дейін қалдырмайтын сияқты" - үлескерлер проблемалық үй туралы

13 августа 2019, 23:56297


 

Қала әкімі Алтай Көлгінов "Талисман" тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті. 2017 жылдан бастап объектіде жұмыс жүргізілмеген, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жоба бойынша тұрғын үй 170 пәтерге есептелген. 

«2014 жылдан бастап біздің тұрғын үй кешенімізде пәтерлерді сату басталды. 2017 жылдан бастап біздің үй бойынша ешқандай да құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатырған жоқ. Біздегі көптеген тұрғындар басқа қалалардан. Біз пәтер жалдап тұрамыз, несие төлейміз. Үнемдеуге тура келеді.", - деді проблемалы нысанның тұрғындары.

Тұрғындардың айтуынша, нысаннан трансформатор мен кабельдерді ұрлап кеткен.

"Қазір бізде құжат жоқ. Бұрынғы құрылыс салушымен шартты бұзу үшін қылмыстық тергеу аяқталуы қажет. Тек осыдан кейін ғана бізді жәбірленуші тарап ретінде таниды және біз шығын сомасын біле аламыз, демек, одан әрі жаңа құрылыс салушыға жүгінеміз", - деді проблемалық нысанның тұрғындары.

Қала әкімі атап өткендей, шығын сомасын анықтау, үйді өлшеу, құжаттарды ретке келтіру және қаржылық модель құру қажет. Екі ай ішінде қала басшысы 37 үлестік құрылыс нысандарын аралап, жартысына қайта барды. Қала бойынша барлығы 51 үй салынып бітпеген. Әр әкімдік бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.


фото: astana.gov.kz

комментарии
Авторизуйтесь на сайте,чтобы писать комментарии!

2006 - 2019 © Деловой Казахстан. 16+

Разработка сайтов в Алматы: A-Lux