Алматы, Казахстан

Аида Балаева: Алматының Қоғамдық кеңесі еліктеуге лайық ұйым

8 ноября 2019, 23:09264



ҚР Президентінің көмекшісі-ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жаңартылған құрамдағы қаланың Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысын өткізді.


Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі 2016 жылы құрылып, қала өмірінің өзекті мәселелерін талқылау және оңтайлы шешімдерді әзірлеуде маңызды алаңға айналды. Кеңеске қоғамдағы түрлі салалардың, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, бизнестің және саяси партиялардың өкілдері кіреді. Бұл қаланы дамыту бойынша жұмыстың тиімділігін арттырады. Кеңес мүшелерінің санын 31-ден 37 адамға дейін арттыру да оң әсерін тигізеді. Аида Балаева қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартудағы Қоғамдық кеңестің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, оның жұмысы еліміздің басқа қалалары үшін үлгі бола алады.

«Егер республикадағы барлық қоғамдық кеңестердің қызметін сараптайтын болсақ, олардың кейбірінде тәжірибе жетіспейтінін және құрамын өзгерту керектігін атап өтуге болады. Сіздер әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде үлкен жұмыс атқарудасыздар», – деді А.Балаева.

Кездесуге қатысқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров та Қоғамдық кеңес қызметінің тиімділігіне назар аударды.

«Елдегі қоғамдық кеңестер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Қала әкімі кеңес жұмысына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан, қала әкімі ретінде қоғамдық кеңес мүшелерімен бірінші кездесуді өзі өткізді. Сонымен қатар, Nur Otan партиясының қалалық филиалы жанынан азаматтар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту мақсатында мегаполисті дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қарау жөніндегі азаматтық комитет құрылды. Бақытжан Сағынтаев өз жұмысында қоғаммен диалогқа үлкен мән береді. Ол айына екі рет азаматтардың жеке қабылдауын, сондай-ақ «ашық микрофон» форматында тұрғындармен кездесулер өткізеді. Оның тапсырмасы бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрақты негізде «ашық есік» күндерін өткізеді. Аптасына екі рет «Алматы» телеарнасында тікелей эфирде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап береді», – деген Ержан Бабақұмаров, әкімдік жұмысының ашықтығын тілге тиек етті.

Жалпы, Алматы әкімдігі азаматтық сектордың бастамаларын қолдайды. Бұл ретте қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты маңызды шешімдер жұртшылық өкілдерімен талқыланғаннан кейін қабылданады.

«Кеңес мүшелерінің белсенді өмірлік ұстанымы алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша алдымызда тұрған міндеттерді нақты шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, қаланы дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау және билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог қамтамасыз етілмек», – деп толықтырды қала әкімінің орынбасары.



Кездесу барысында қаланың қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры, мәслихат депутаты Рахман Алшанов, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Зульфия Байсақова, «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры Алтынай Көбеева, тәуелсіз журналист Сергей Пономарев, «Қазақстан Республикасы кооперативтерінің және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандарының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ президенті Қазыбек Шайх, қоғам қайраткері Марат Шибутов және басқалар сөз сөйледі.

комментарии
Авторизуйтесь на сайте,чтобы писать комментарии!

2006 - 2019 © Деловой Казахстан. 16+

Сайт разработан веб-студией A-Lux