Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев залы ашылды

1613

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Републикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев залының ашылу салтанаты өтті.

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған іс-шараға Қазақстан Републикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов, университет ғалымдары, БАҚ және қоғам өкілдері қатысты. Олар БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасын жүзеге асыратын жаһандық хабтың жұмысымен танысты.

На изображении может находиться: 1 человек

Бұл хабқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Мәңгілік ел» тарихи-көркем кешені жетекшілік етеді. Кешенге әл-Фараби музейі, «Алаш», «Абай», Қазақстан Републикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы залдары, «Ұлы даланың жеті қыры», «Мәңгілік ел» экспозициялары кіреді. Меймандар жоғарғы оқу орнының ғылыми кітапханасымен танысып, XVII ғасырдың сирек кездесетін басылымдары мен бірегей араб, шағатай қожазбаларын тамашалады.

На изображении может находиться: 1 человек, стоит и костюм

Әмірхан Рахымжанов 300-ден астам әлемнің ірі жоғарғы оқу орындарымен серіктес болып келетін, мемлекеттің мықты кадрларын дайындайтын ұстахана ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің рөлін атап өтті. 

На изображении может находиться: 1 человек

«2009 жылғы 13 қазанда Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін» дәрісін ҚазҰУ-да оқыған болатын. Бұл дәріс таяуда жарық көрген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттерінде оқыған дәрістері» кітабына енген. Тұсауы кесілген зал – тәуелсіз мемлекеттің құрылуы мен нығаюы тарихынан сыр шертетін материалдарды тоғыстырған ағарту орталығы. Елбасы мұрасы – ел келешегінің іргетасы. Бұл залға келген жоғарғы оқу орнының кез келген студенті мен қонағы дамуға қажетті серпінді ала алады», - деді Ә.Рахымжанов.

Іс-шара барысында Елбасы кітапханасы университетке мекеменің авторлық 100 кітабын сыйға тартты. Бұл басылымдарды дайындаған жұмыс тобына Елбасы кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдардың докторы, профессор М.Б.Қасымбеков жетекшілік еткен.

На изображении может находиться: один или несколько человек и люди сидят

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Елбасы кітапханасының көп жылдық серіктестігіне ризашылығын білдіріп, Қазақстан Републикасы Тұңғыш Президенті залын құруда қолдау танытқанына алғысын айтты.

Нет описания фото.

«Бұл залдың құндылығы – маңызды ақпараттың магистранттарымыз без докторанттарымызға қол жетімді ете түсуінде. Бұл жерде еліміздің жетекші ғалымдары бастаған конференциялар мен форумдар өтетін болады. Зал  материалдары әлі де толыға бермек. Бұл істің шымылдығын ашып, кітапханамыздың қорын ұлт тарихымен сусындатқан Елбасы кітапханасына алғысымыз зор», - деді Ғ.Мұтанов.

Зал қоры көбінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын қарастырған Елбасының ғылыми зерттеулері мен кітаптарынан, өзге де материалдардан құралған. Бұл жерде архив құжаттары көшірмелері, фото, бейне құжаттар, баспа материалдары, Елбасының балалық шағы мен студент кезі, еңбек жолы мен қоғамдық-саяси қызметі туралы фильмдер ұсынылған.

Студенттер мен ғалымдардың назарына ұсынылатын Елбасы кітапханасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттерінде оқыған дәрістері» кітабы Нұрсұлтан Назарбаевтың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты ірі жоғарғы оқу орындарында оқыған дәрістерін қамтиды.

Зал ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың ұйытқысына, сарапшылар қауымдастығы мен мәдениет, білім саласының мамандары мен мамандарының басын қосатын ошаққа айналмақ.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -