Сәтбаев университетінің ертеңі

36368

Республиканың бүкіл жұртшылығы ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы, КСРО ҒА академигі, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күнін жыл сайын 12 сәуір – Ғылым күні атап өтеді. 

Қ.И.Сәтбаев – аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының жарық жұлдызы, ойшыл ғұламасы, мемлекет және қоғам қайраткері. Ол еліміздің геологиясын, минералдық ресурстарын зерттеуге, ғылыми ізденістерінің нәтижесін өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын салуға зор үлес қосты. 

Қазақ елін бүкіл әлемге танытқан ұлы ғалым, ұлттық мақтанышымыз Қ.И. Сәтбаевтың eciміне ие болу – ҚазҰТЗУ ұжымы үшін аса зор мәртебе деп білеміз және ерекше қадір тұтамыз. 

Орталық Қазақстанда кезінде Қ.И. Сәтбаев ашқан кен орындары орналасқан өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Орталық Қазақстанның рудалық кен орындарын ауқымды игеру кезіндегі жер беті деформациялық процестерін кешенді мониторингтеу» атты мемлекеттік гранттық жобаның Сәтбаев Университетіне жүктелуі – университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары деңгейінің жоғары екендігінің дәлелі. Қаныш Сәтбаевтың аяқталмай қалған ұлы ісін – яғни, техногендік қалдықтарды қайта өңдеп, бос тау жыныстарынан тиімді құрылыс материалдарын жасап, жүзеге асыруды Сәтбаев Университетінің ұжымы құлшына қолға алуда.

Ал енді ертеңгі күні қандай керемет жобалар болады? Олардың ең негізгілерін ғана атап өтейік: 

Қазақстан Республикасының минералды-шикізат кешені мүдделеріне орай жүргізілетін инновациялық зерттеулер және табиғи ұқсастығы бар жаңа технологиялар мен материалдарды жасау.

Келешегі зор энерготиімді технологияларды цифрландыру жобалары, жылу және салмақ алмастыру үрдістерін жылдамдату, құрылымдарды тәжірибелі зерттеулер мен газ тәрізді, сұйық және қатты денелердің кең көлемде өзара әрекеттесуін суперкомпьютерлік модельдеу негізінде басқару.

Ақпаратты-аналитикалық кешен: көмірсутекті шикізат кен орындарын зерттеу кезінде инновациялық технологиялардың тиімді жұмыс істеуі, оның ішінде геология, ұңғымаларды бұрғылау, байыту, дайындау және тасымалдау үрдістері де бар. Өнеркәсіп нысандары мен машина жасау өндірісін, тау-кен-металлургия кешенін, мұнай-газ өнеркәсібін цифрландыру жобалары.

Металлургия кешені мен мұнай-газ өнеркәсібіндегі минералды және техногенді шикізатты қосымша құны жоғары болатын тауарлы өнім мен рециклингтік технологиялар алу мақсатында кешенді түрде тереңірек қайта өңдеу жөніндегі инновациялық, ресурс үнемдегіш технологиялар. 

Жер үсті және жер үстіне жақын нысандарды БПЛА көмегімен мониторинг жүргізу және мәліметтерді жинаудың гетерогендік жүйелерін пайдалана отырып классификациялау мен сәйкестендіру негізінде шешім қабылдауды қолдау технологиялары, модельдері мен интеллектуалдық әдістері. Уран өндірісін кешенді түрде толығымен роботтау.

ҚР тау-кен-металлургиялық және мұнай саласындағы технологиялық машиналарда наноматериалдарды қолдану, оларды сандық басқару негізінде пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудің тиімді технологиясын зерттеу және әзірлеу.

Қорыта келе айтарымыз – бұдан 60 жыл бұрын Қаныш Имантайұлы Қазақстан жерінің кең байтақ даласына, жерінің қойнауындағы кен байлықтарымызға құрметпен қарау, қорғау, үнемдеу керектігін жазып, мұра етіп қалдырған. Осы байлық көзі, ұлттық ұғым-түсінігіміздің негізі, тіршілігіміздің көзі болып отырған Жерді және оның қойнауын сақтау – біздің ұлттық міндетіміз. 

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылы Қазақстан халқына Жолдауында: «Ғылыми саланы қаржыландыру мен басқару жүйесін жаңарту, ғылымды қаржыландыруды арттыру, ғылыми кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау қажет», – деп атап көрсетті. Олай болса, қазақ техникалық интеллигенциясының алтын бесігі, терең тамырлы, мәртебе-мерейдің тұғыры болып отырған қазіргі ҚазҰТЗУ-дың бүгінгі аға буын ақылман ағалары мен батагөй апалары жастарды жоғары біліктілікке шыңдау жолында еңбек ете бермек. 

                

А.Қ.Тулешов, Сәтбаев Университеті ректорының міндетін атқарушы, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -