Қарағандыда «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары марапатталды

3519



Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы өз мәресіне жетіп, бүкіл қазақстандықтар елімізге еңбегі сіңген жаңа есімдерді анықтаған болатын
, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Достық үйінде Қарағанды аймағынан қатысқан жоба жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш жоба ең алғаш 2017 жылы жүзеге асырылды. Мақсат –түрлі жас пен ұлт өкілдері арасынан жетістікке жеткендерін дәріптеу, көпке өнеге ету. Жобаның басты жетістігі – «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енгендердің есімі әрбір қазақстандықтың санасында жатталып, өскелең ұрпаққа үлгі болып қалатындығы. Биылғы жылдың ерекшелігі ел егемендігінің 30 жыл толуына орай тәуелсіздікте жеткен жетістіктер баса назарға алынды.

Сонымен, мемлекет тарихында есімдері қалатын қарағандылықтар- Даниель Диль, актриса Дина Заитова, музыкант Арыстан Әбілдин, "Бизнес" санатында Виктория Пак, "Медицина" номинациясында Дарын Әбілжанов және Қазақстандағы жалғыз ұшқыш қыз Ардана Ботай.

Жеңімпаздарды Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұл мен Жастар ісі саясаты жөніндегі басқарма басшысы Біржан Әлімжанов марапаттады.


Қазақстан халқы Ассамблеясы

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -