ҚызПУ оқытушылары біліктілігін арттырды

1280

АҚШ-тың Аризона штатындағы білім беру ұйымының ағылшын тілінің мұғалімі Уенди Финлейсон Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих және шетел тілдері институтының оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру семинарын өткізді.

«Педагогикалық білім беруді дамыту» халықаралық жобасы шеңберінде жүзеге асқан шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен еліміздегі АҚШ елшілігі қолдау көрсетті.

Курс бағдарламасы оқытудың инновациялық әдістемелерін, оқытудың интерактивті формаларын қолдануға бағытталды. Бұл өз кезегінде болашақта оқытушыларға аталған технологияларды өздерінің дәрістік және семинарлық сабақтарына қолдануға мүмкіндік береді.

Америкалық маман 7 апта көлемінде Шетел тілін оқыту әдістемесі және практикалық шет тілі кафедрасының оқытушыларына шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Сондай-ақ курс қатысушылары әртүрлі онлайн құралдар мен оқыту тәсілдерімен өз сабақтарының тиімді онлайн прототиптерін құруды меңгерді.

Онлайн форматта ұйымдастырылған семинар соңында ҚызПУ оқытушылары Google Site және Google Classroom құру бойынша сәтті жүзеге асқан жеке және жұптасқан жобалар мен оны жақын арада пайдалану стратегияларын егжей-тегжейлі үйренді. Бір бұл ғана емес. Шара аясында сабаққа дайындықтан бастап түрлі бағдарламалық құралдармен жұмыс істеуге дейінгі қызметтің үлкен спектрі таныстырылды.

– Курс аясында Уенди Финлейсон ұсынған шет тілін оқыту әдістемесінің тың бағыттары біз үшін өте пайдалы болды. Әсіресе оның Google-дің әртүрлі формаларын қолдануды үйреткені ұнады. Мен сабақ өту барысында сауалнамаларды, интерактивті тақтаны, Pear-Deck презентацияларын және интерактивті ортада оқытуды жүзеге асырудың басқа да әдістерін қолданатын боламын, – Шетел тілін оқыту әдістемесі және практикалық шет тілі кафедрасының оқытушысы Фарида Мырзахметова.

Курс соңында оған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -