ҚызПУ студенті әлемдік жарыстың жеңімпазы

1113

Білім ордасының абыройы жаһандық жарыста асқақтады! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Гүлнұр Ыбырай ауыр атлетикадан әлем Кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.

Перудің Лима қаласында Перу ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өткен байрақты бәсекеге 61 мемлекеттен 400 спортшы қатысты. Ал Қазақстан атынан аталған жарыста бақтары мен баптарын сынауға 7 атлет жолдама алып, мүмкіндіктерін бағамдап көрді.

Сайыс барысында Гүлнұр Ыбырай 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жалпы саны 197 ұпай жинады.

Жарыстың финалында қазақстандық зілтемірші Мексика, Колумбия спортшыларымен кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Десе де ұпай санымен қарсыластарына жол беріп, үшінші орынға ие болды.

– Ауыр атлетика – менің өмірімде маңызды рөл атқарады. Бұл спорт түрі маған мол білім мен тәжірибе жинауыма мүмкіндік берді. Менің ойымша, ауыр атлетиканың өзге сайыс түрлерінен ерекшеліктері жетіп артылады. Соның бірі – көрермендердің алдында әлемдік рекордтар мен тарихтар жасалып жатады. Бұл әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, – дейді Гүлнұр Ыбырай.

Қыздар университетінің «Ұстаз» спорт клубының басшысы Сәдуақас Шыңғысбаевтың айтуынша, оқу орнында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алатын бойжеткеннің келешегінен күтер үміт мол.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -