ҚызПУ студенттері білім сайысында жеңімпаз атанды

1087

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасында екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.


Qyzdar Ýnıversıteti
 

Педагогика және психология жоғары мектебінің білім алушыларынан құралған «Ұлт тәрбиешілерінің ұстаханасы» тобын дәстүрлі сайысқа профессор Ақгүл Жұбандықова мен аға оқытушы Әділет Кариев дайындады.

Олимпиада барысында Айнұр Аликулова, Жансая Әшірбай, Орынкүл Сейітсұлтан және Балжан Балтабек өз білімдері мен біліктіліктерін жан-жақты көрсетіп, жүлделі орынды иеленді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен жарысқа еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Олимпиаданың мақсаты – мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогикалық білімдерді насихаттау, студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен даярлық сапаларын анықтау, кәсіби педагогикалық және шығармашалық әлеуетін ашуға жағдай жасау.

Олимпиада 4 кезең бойынша өтті. Атап айтқанда, «Жаңа формация – педагог-тәрбиеші» атты алғашқы айналымда команда өзін таныстырса, «Білім ринг – білім додасы» атты екінші кезеңде тест тапсырмаларын орындады. Ал «Инновациялық бағыттар: заманауи педагог-тәрбиеші теориядан практикаға» атты турда қатысушылар шығармашылық жобаларын қорғады. Ал соңғы кезеңде студенттер «Педагог – тәрбиешінің шеберлік әлемі» тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдеге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттерінен құралған «Болашаққа бағыт» командасы лайық деп танылды. Бірінші орын Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Құлжанова ізбасарлары» тобына берілсе, екінші орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің командалары өзара бөлісті.

Ал үшінші орынға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері лайық деп танылды.

Жеңімпаз командалар мен топ жетекшілері Алғыс хатпен, дипломмен және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -