ҚызПУ студенттері «IQ Almaty» телешоуына қатысуда

1193

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Алматы» телеарнасындағы «IQ Almaty» зияткерлік жобасының 2-маусымына қатысуда. Бағдарлама 29 мамырдан бастап көрермен назарына ұсынылуда, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бас жүлде 2 000 000 теңге үшін мегаполистің 20 ЖОО-ның ең білімді студенттерінен құралған 20 команда бақ сынайды. Жеңген командаға бас жүлдені қала әкімі Бақытжан Сағынтаев салтанатты түрде табыстайды.

Бағдарлама барысында даулы мәселелер туындаған жағдайда жүргізуші Бауыржан Сатовқа екі тәуелсіз сарапшы көмектеседі. Олар қоғам қайраткері, ғалым, «Алматы» телеарнасының өкілі немесе эстрада жұлдызы болуы мүмкін.

Телешоудың 2-маусымының басты мақсаты – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына дайындық аясында ел жастарының зияткерлік әлеуетін көрсету.

Бағдарлама ұйымдастырушылары жаңа маусым бұрынғыдан да қызықты болатынына уәде береді.

Естеріңізге сала кетейік, шоудың 1-маусымында елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жобаға 10 жоғары оқу орнының, 6 колледждің және Алматыдағы 8 жалпы білім беретін мектептің ең білімді студенттері мен оқушыларынан құралған 24 команда қатысқан еді.

«IQ Almaty» жобасының 2 маусымына қатысушы ЖОО тізімі:

1. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

3. Алматы Менеджмент Университеті

4. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

5. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

7. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

8. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

9. Логистика және көлік академиясы

10. Тұран Университеті

11. Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты

12. Қазақ Британ техникалық университеті (ҚБТУ)

13. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

14. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

15. Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы

16. Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы

17. Каспий қоғамдық университеті

18. Нархоз Университеті

19. Орталық Азия университеті

20. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -