Қыздар университетінің ректоры ардагер ұстаздармен кездесті

1498

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Гүлмира Қанай аға буын профессор-оқытушылармен кездесіп, оқу орнын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.



Гүлмира Қанай өз сөзінде 80 жылға жуық тарихы бар еліміздегі іргелі жоғары оқу орнының ұжым мүшесі атанғанына қуанышты екендігін жеткізді.

– Жуырда ұстаздық және зерттеушілік жолымның келесі белесін бастадым. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжым мүшесі атандым. Қарашаңырақтың дамуы мен әлемдік деңгейге көтерілуіне тікелей ықпал ету мен үшін үлкен құрмет және жауапкершілік, – деді Гүлмира Әмірханқызы.

Қыздар университетінің ректоры отандық педагог кадрларын даярлайтын бірден-бір орталықтың басшылығына келе отырып, оның тағдыры мен келешектегі дамуына зор жауапкершілікті сезінетінін атап өтті. Басым бағыттар ретінде ол білім беру сапасын арттыру, оқытушыларды әлеуметтік қолдау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, ғалымдардың ғылыми жобаларын нақты өндіріске енгізу қажеттігін алға тартты.

Кездесу барысында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Айнагүл Ершина, химия ғылымдарының докторы, профессор Болат Жиембаев, психология ғылымдарының докторы, профессор Хорлан Шерьязданова, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Адамбек Татенов, профессор Ағайша Исағұлова Гүлмира Әмірханқызына ізгі лебіздерін білдіріп, алдағы уақытта Қыздар университеті дамудың жаңа белесіне көтерілетініне сенім білдірді.

– Аға буын, Сіздеруниверситеттің мақтанышысыздар! Сіздердің ұзақ жылдар бойы оқу орны қабырғасындағы қажырлы еңбектеріңізді бағалаймыз. Мен Сіздердің әрқайсыларыңыздан оқу орнының жұмысын жетілдіру турасындағы ұсыныстар күтемін. Менің есігім баршаңыз үшін әрдайым ашық, – деді Гүлмира Қанай.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -