Қыздар университетіне қабылдаудың талаптары қандай?

975

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне қабылдау талаптары қандай? Оқу орнының студенті атану үшін не нәрсені білу керек? Биылғы қабылдау рәсімінде қандай өзгерістер бар, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

1. Қыздар университетіне жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар қабылданады.

2.ҰБТ нәтижесі бойынша «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша 75 балл, «Педагогикалық емес ғылымдар» білім беру саласы бойынша 65 балл жинаған түлектер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға және ақылы оқуға тапсыруға мүмкіндігі бар.

3. ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған талапкерлер Қыздар университетіне алғашқы оқу жылы аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады. Оларға бірінші оқу жылы ішінде (қаңтар, наурыз, сәуір, мамыр) ҰБТ-ны тапсыру мүмкіндігі беріледі.

4. ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған азаматтар оқудан шығарылады.

5.Техникалық, кәсіптік немесежоғары білімі бар азаматтар қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылданады.

6. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде қабылдау Қыздар университетінде дербес жүзеге асырылады.

Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары:

+7 (727) 233-18-52

+7 (727) 237-00-73

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -