ҚызПУ студенті: «Біздің жеңімпаз командамыздың қатарына қосыл!»

1220

Аня Климова: «Қымбатты талапкер! Сен де біздің жеңімпаз командамыздың қатарына қосыл!», - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.



Менің есімім – Аня Климова.

Мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті құрама командасының капитанымын.

Мен неге Қыздар университетін таңдадым?

Біріншіден, профессор-оқытушылар құрамы өз ісін терең меңгерген мамандардан құралған.

Екіншіден, спорттың бірнеше түрімен айналысуға мүмкіндік беретін қолайлы спорт базасы бар.

Үшіншіден, болашақ дене шынықтыру мамандарына тыңғылықты дайындық жүргізуге басты назар аударылады.

Тынымсыз жаттығу мен өз-өзімізді үздіксіз жетілдірудің нәтижесінде көптеген табыстарға қол жеткіздік.

Атап айтқанда, волейболдан Қыздар университетінің құрамасы Алматы қаласының екі дүркін чемпионы, Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Команда сапындағы жоғары лига ойыншылары өз университетінің абыройын көтеруге үлкен үлес қосуда.

Қымбатты, жас дос!

Сен де біздің жеңімпаз командамыздың қатарына қосыл!

Өз таңдауыңды Қыздар университетіне жаса!

Құрметпен, Аня Климова.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -