300 адам чектер бермеу фактілерін хабарлағаны үшін сыйға ие болды

589



Чектер бермеу фактілері туралы хабарлаған ел азаматтары 30 қарашаға дейін 1000 теңге көлемінде сыйақы ала алады (ұялы телефон теңгерімін толтыру). 2019 жылдың 30 қыркүйегінен бастап бұл пилоттық жоба республиканың бүкіл аумағын, яғни, чекті алмағандығы туралы ақпарат берген адамдарға сыйақы бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта елімізде бақылау-кассалық машиналардың фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша "Азаматтық бақылау" жалпыреспубликалық пилоттық жобасы қарқынды жүруде деп хабарлайды. Мемлекеттік кірістер комитеті өткізетін осы жоба аясында чекті бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға бір мың теңге мөлшерінде сыйақы төленеді (ұялы телефон теңгерімі толтырылады).

Тауарға немесе көрсетілген қызметке төлеген сомаға БКМ түбіртегін немесе тауар түбіртегін бермеген жағдайда, не БКМ түбіртегі мен тауар түбіртегін берген сомадан артық немесе кем болған кезде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын білу маңызды.

20.11.2019 жылғы жағдай бойынша ақпарат 300-ге жуық өтініштермен расталып, ПӘ туралы хаттамалар жасалды. 238 хабарлама қарастырылуда.

Расталған хабарламалардың басым бөлігі Нұрсұлтан қаласы бойынша МКД - 121, Атырау облысы бойынша МКД - 60, Алматы облысы бойынша МКД – 18. 

Аутсайдерлер: Ақмола облысы бойынша МКД - 0, Павлодар облысы бойынша МКД - 1, Қызылорда облысы бойынша МКД - 2.

Жауапкершілікке тартылатын адамның түсініктемелері, жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, сарапшының қорытындылары мен айғақтары, маманның қорытындылары мен айғақтары, заттай дәлелдемелер, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де құжаттар, хаттамалар және ӘҚБтК-де көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары жауапкершілікке тарту үшін дәлелдеме болып табылады.

Сондықтан, сыйақы тек қана видеоға сатушының БКМ чегін беруден бас тартуы жайында анық түсірілгені, мекен-жайы және дүкеннің атауы, сауда үйі мен базардың (сауда үйіндегі бутиктің нөмірі, базардағы орынның нөмірі) аты, және фискалдық чек бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер.  

Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР барлық азаматтарын өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге, БКМ чегін бермей өзінің табыстарын жасырушы салық төлеушілерге нөлдік төзімділік танытуға және пилоттық жобада белсенді қатысуға шақырады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен өңделетін болады.

Видеоматериалдарды Apple App Store және Google Play market қосымшаларынан тегін жүктеуге болатын «Wipon» ұялы қосымшасы арқылы жолдауға болады.

Шағым жолдаған жағдайда қосымша өз тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын (болған жағдайда), ЖСН және байланыс телефонын көрсетіңіз. Бұл деректер бұзушылық фактісі расталған және фискалдық чек бермеген тұлғаны жауапкершілікке тартқан жағдайда сыйақы төлеу үшін қажетті.

Фискалды чектерді consumer.oofd.kz сайтында тексеруге болады.

Осы ретте, техникалық талаптарға сәйкес берілген фискалдық чек мәліметтері 72 сағат ішінде жолдануы мүмкін. Сондықтан, берілген чекті фискалдық деректер операторы базасында таба алмаған жағдайда 3 күнге дейін күту қажет және содан кейін қайта тексеру қажет. 72 сағат өткеннен кейін ақпарат болмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -