Кәсіподақ кадрлары «жасаруда»

1150

Салалық білім және ғылым кәсіподағының төрайымы  А.Мұқашева Жезқазғандық жас педагогтармен кездесті. А.Мұқашева салалық кәсіподақ тарапынан жас мамандарды қолдау мақсатында жасалып жатқан шараларын атап өтіп, кәсіподақтың жастар саясатына қатысты сөз қозғады.

Салалық кәсіподақ басшысының айтуынша, кәсіподақ құрамындағы жастардың үлесі қазір 35% құрап отыр. Бүгінгі таңда Кәсіподақтың аудандық бөлімінің төрағаларының орташа жасы 40 жасты құрап отыр, бұрын бұл көрсеткіш 63 жасты құраған.

Кәсіподақтың облыстық және аумақтық ұйымдардағы төрағалардың орташа жасы 55 жасты құрайды, бұрын аталған көрсеткіш 63 жасты құраған.Салалық кәсіподақтың кадрлық резерві аясында тек қана басшылық құрам ғана емес, сонымен қатар облыстық, аумақтық ұйымдардың, сондай-ақ Орталық комитет аппаратының жұмысшыларының да орташа жасы «жасарып» отырғаны байқалады.

Жыл сайын салалық кәсподақ саладағы жас мамандарды қолдау, олардың бойына көшбасшылық қасиеттерін сіңіру мақсатында Республикалық жастар жазғы лагерін өткізеді. Өткен жылы дәл осындай шара жоғары деңгейде Алматы облысында ұйымдастырылды. Лагер барысында мамандардың құқықтың мәдениетін арттуры мақсатында түрлі семинарлар, коучинг, тимбилдингтер өткізіледі.

Жас педагогтар өз тәжірибелерімен бөліседі, проблемаларын ортаға салып, оларды шешу жолдарын талқылайды. Екі сағатқа созылған кездесу барысында жас ұстаздар салалық кәсіподақ басшысына өздерін толғандырған түрлі сауалдарын қойып, жауап алды. Кездесуге келгендер сындарлы сұхбатқа көңілі толғандарын айтып, кәсіподақ тарапынан қолдауды сезінетіндерін жеткізді.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы баспасөз қызметі

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -