Елорда вокзалында Қазақстанда шығарылған жаңа вагондар таныстырылды

2255

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қанат Әлмағамбетов отандық «Тұлпар» зауытында ресейлік технологиямен жасалған жаңа купе вагондарды таныстырды.

Нұр-Сұлтан-1 стансасынан Алматы қаласына бүгін 16 жаңа купе вагон жөнелтілсе, қалған 12 плацкарт вагон 31 желтоқсан мен 2020 жылдың 3 қаңтар күндері № 47/48 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол-Атырау» бағыты бойынша жолға шығады. 

Вагондардың негізгі артықшылығы  - ауаны зарарсыздандыру және тазалау үшін қазіргі заманғы сүзгілермен жабдықталған кондиционерлеу жүйесі  бар. Бұдан басқа әр вагонда жолсеріктің купесінде, дәліздер мен тамбурларда орналасқан түрлі-түсті режимде түсіретін алты бейнекамера орналастырылған. Әр купеде және дәліздерде кернеуі 220В болатын электр розеткалары және ұялы телефондарды қуаттауға арналған 2 заманауи USB порт орнатылған. Және тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш, ауызсу диспенсері және ыстық су титаны бар.

Вагондар сондай-ақ, түтін датчиктерімен, дербес өрт шлангасымен және әр вагондағы су қорымен, қазіргі заманғы өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. Екі биотуалет кешені енді автономды түрде жұмыс істейді және суды зарарсыздандыруға арналған резервуарлардағы 1200 литр сумен жабдықталады. Вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жыл.

Жаңа вагондар «Атырау-Алматы», «Алматы-Маңғыстау» бағыттары бойынша жүретін болады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамутудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында вагон паркін жаңартуға шаралар қабылдауда. Осы бағытта биыл 63 жаңа плацкарт вагоны іске қосылды. Олар қазіргі уақытта оңтүстік-батыс бағытта жолаушылар тасымалдайды. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -