Алматыда Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

10861


2020 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырып отырған алдағы іс-шаралардың қажеттілігін белгіп берген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

На изображении может находиться: 5 человек, люди сидят и в помещении
На изображении может находиться: 1 человек, сидит и в помещении

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – келер ұрпаққа және қонақтарға қазақ халқының көрнекті перзенті, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен әлем аренасына насихатталу жолдарын талқылау.

Философия ғылымдарының кандидаты, доцент, абайтанушы Омар Жәлел: 

«Абай: «Адам болу үшін ғылымға деген махаббат болу керек. Сонда ғана Алланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық жүзеге асады»- деген. Сондықтан, біз жастарды тәрбиелеп, олардың ғылым-білімге деген махаббатын оятуымыз керек»- деп тоқталды. 


2020 жылдың 9 қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» атты мақала жариялады. Өз мақаласында Президент Абайдың сөздерінің маңыздылығы туралы көпшілікпен ой бөлісіп, сонымен қатар «Абай сияқты ұлтты сүюге» шақырады. Абайдың «Келелі кеңес жоғалды, Ел сыбырды қолға алды» сөзін келтіре отырып, Тоқаев халықтың үкіметке деген сенімі төмендеді, сондықтан ол мәселелерді талқылау және шешу үшін «қоғамдық сенім кеңесін» құру шешімін қабылдады.

Гумилев атындағы ЕҰУ, журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы:

«Абайды тануға алғаш боп атсалысқандар Алаштың ардақты азаматтары болатын. Міржақып Дулатұлы өзінің «Абай» деген еңбегінде: «Абайдың қазасынан ұзаған сайын, оның рухымен жақындай  түсеміз»- деген. XX ғ. басында Абайды түсінген, таныған қазақ саусақпен санарлық еді, қазір XXI ғ. Абайдың қадірін, қаситетін білетін қазақтың саны мыңдап саналады. Бұл қазақтың өскені. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмай, Елбасымыз өзінің мақаласында айтып өткендей, бұл жылды ақыл- ойымызды арттырып, ой-санамызды өзгертуге арнауымыз керек. Абайды толық тануымыз үшін Абай оқыған барлық кітаптардың тізімін жасап, оқып шықсақ, Абайды түсінуге бір қадам ілгері басар едік. Әр үйдің төрінде домбыра, Абайдың туындысы, «Абай жолы» роман-эпопеясы тұрып, Абайға жақындай түссек, біз өркениетке жақындаймыз, интелектті ұлт боламыз»-деп өз пікірін білдірді.


Іс-шараға  сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанынан құрылған «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары Жанбота Карипбаев, ЕҰУ жанынан ашылған «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институты директоры - Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы, Қол жазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директор орынбасары - Кузембаев Қайыржан Ғизатұлы, мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер унивреситетінің оқытушысы - Толғанбай Сембайұлы, Абай өлеңдерінің зерттеушісі - Құмарбек Қалқатайұлы, ақын, Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы – Серікзат Дүйсенғазин, Абайдың күй және үш ішекті домбра зерттеушісі - Рустем Нуркенов , Нұр-Сұлтан қаласы «Руханият» КММ бөлім басшысы - Еркебулан Ерболатұлы, Нұр-Сұлтан қаласы «Руханият» КММ жоба менеджері - Фархат Қаналы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторанттары, магистранттары мен оқытушылары қатысты. 

Сонымен қатар Ұлттық музей қорындағы Абайдың құтысы, Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналып жасалған опера әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Абай шығармаларын насихаттаушы Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына сыйға берілген сағат және  арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -