Қыздар университетінің студенттері көтерілген стипендия алды

2414

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бакалавриат, магистра­тура және докторантура студент­терінің шәкіртақысы 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 25 пайызға көтерілді.

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1947 студенті, 364 магистранты мен 58 докторанты алғашқылардың бірі болып жоғарылатылған стипендия алды.

Атап айтқанда, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистратурадағы шәкіртақы 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге өссе, докторантурада оқитындардың шәкіртақысы 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге өсті.

– Бұл – барлығымыз үшін жағымды жаңалық. Елдің болашағы, мемлекеттің келешегі – жастардың қолында екендігін ескерер болсақ, бұл ертеңіміздің жарқын болуына жасалған нақты қадам деп ұғамыз. Біз, студенттер, осы жаңалықты көп күттік. Жастар жылына орай осындай маңызды шешім қабылдап, үлкен қолдау көрсеткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және Қыздар университетінің басшылығына алғыс білдіреміз, – дейді оқу орнының студенттері.


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз қызметі

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -