ҚР ІІМ Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерін марапаттады

742


Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев аға лейтенант Айдос Сәдуов пен сержант Жандос Шаймардиновты «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдармен марапаттады. 2019 жылғы желтоқсан айында кезекті патрульдеу барысында олар жоғары вольтты кабель ұрлауға әрекет жасаған төрт адамды қолға түсірді.  
На изображении может находиться: 2 человека

2019 жылдың қазан айынан бастап Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған, Ақтау және басқада қалаларда әскери қызметшілер ҚР ІІМ бөлімшелерімен бірлескен патрульдеу жүргізуде.

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

 «Мен азаматтардың тыныштығын қорғайтын әскердің бар екенін біле отырып, әрбір қазақстандық өзінің қауіпсіз екенін сезінсе деймін. Бұл үшін менің қызметтестерім қолынан келгенін барлығын жасауда. Полиция қызметкерлерімен бірге күндіз және түнде де көшелерді патрульдеу кезінде  - біз өз халқымызды қорғауға және қызмет етуге саналы таңдау жасаймыз», - деп атап өтті марапатталушы аға лейтенант Айдос Сәдуов.


Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында адамдар көп жиналатын жерлер, вокзалдар мен автовокзалдарда, ұсақ және ірі базарларда, демалыс және ойын-сауық орындарында патрульдеу жүргізіледі. Патрульдеу бағыттары криминогендік жағдайды ескере отырып әзірленген.

На изображении может находиться: 2 человека

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін суға шомылуға жабдықталмаған су айдындарында, бөгеттер мен өзендер аудандарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

На изображении может находиться: телефон

 2020 жылдың басынан 6 әкімшілік бұзушылық, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактісі анықталды. 

На изображении может находиться: 4 человека, люди стоят

Бұдан басқа, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және ҚР ҚК ӘПО (әскери полиция органдары) мен ҚР ІІМ ПД (полиция департаменті) бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елорданың әкім лейтенант Сәдуов пен сержант Шаймардановқа алғыс хат табыс еткен. 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -