Аудан әкімінің есептік жиынына облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.
Ауданда тұрғын үй құрылысына ден қойылған. Мәселен, аудан орталығындағы Құлсары қаласында биыл 5 қатарлы 100 пәтерлік 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Есепті жиынға қатысқан аймақ жұртшылығы облыс әкімінің алдында аудан басшысы Азамат Бекеттің атқарған жұмысына оң баға беріп, соңғы жылда инфрақұрылымның дамығанын жарыса айтты.
Мәселен, Құлсары қаласының 12 көшесіне 33 мың шаршы метрді құрайтын жерге төсем тас төселген. Бүгінде, аудан орталығының 12 көшесі және Жаңа Қаратон кентінің 3 көшесі жарықтандырылып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 110 көше жарықтандырылуда. Ал, моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Құлсары қаласында 107 шақырым автокөлік жолдарын қайта жаңғырту 3 кезеңге жоспарланған. Бірінші кезең бойынша жалпы ұзындығы 45 шақырымды құрайтын жолдың 28,6 шақырымы қазіргі уақытта аяқталған. Аудан әкімінің айтуынша, бұл жұмыстар ары қарайда үздіксіз жалғаса береді. Бұдан бөлек, аудандағы ауыл шаруашылығында көптеген жұмыстар атқарылған. Жалпы аудан бойынша кәсібін дөңгелетіп отырған 241 шаруа қожалығы мен «Жаңа –Таң» ЖШС бар. Мұндағы 9 шаруа қожалық мүйізді ірі қара малын түрлендірсе, 18-і қой малын түрлендірумен айналысады.
Сонымен қатар, ауданда есепті жылы 35 жаңа кәсіпкерлік нысан іске қосылған.