Көлік полицейлері еріктілермен бірге «Мүлдем төзбеушілік» акциясын өткізді

3645


«Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» акциясының үш күні ішінде еліміздің әуе және темір жол көлігі нысандарында 1210 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді», - деді Көліктегі полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Рахметов. 

На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят, стол и в помещении

На изображении может находиться: 1 человек, сидит и в помещении

На изображении может находиться: 1 человек, сидит и в помещении

На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят

На изображении может находиться: 1 человек, сидит

На изображении может находиться: 4 человека, люди стоят

На изображении может находиться: 6 человек, люди стоят и ребенок

Оның айтуынша, аталған іс-шараны өткізу аясында белгіленбеген орындарда сауда жасағаны және қоғамдық орындарда тиіскені үшін 152 құқықбұзушы, темекі шегуге тыйым салуды бұзу бойынша-138, алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 119, қоғамдық орындарды ластағаны үшін-48, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін-17, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз тұрғын жайлардан тыс жерлерде болғаны үшін-13 және т.б құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Мәселен, ағымдағы жылғы 21 қаңтарда Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Риддер-Томск» бағытындағы жолаушылар поезынан аталған пойыз бастығының актісімен Ресей Федерациясының 54 жастағы азаматы түсіріп алынды. 

Пойыз бастығының айтуынша, масаң күйде болған ер адам өзін дөрекі ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Тексеру барысында оның 1966 жылы туған Краснодар өлкесінің тұрғыны екендігі анықталды.. 

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, құқықбұзушы «орташа дәрежедегі» мас күйде болған.

Бұдан соң, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Ішкі істер органдарына қоғам тарапынан қолдау әрдайым қажет» - дейді, департаменттің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова. Ол еріктілердің көлік полициясы қызметіне ерекше ықылас білдіргендерін айтты. «Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласының «Менеджмент және бизнес» колледжінің «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ерікті-студенттер көлік полицейлеріне бірнеше бағыттар бойынша көмек көрсетуде. Мәселен, олар жасөспірімдер арасында отбасы мен оқу орындарынан өз еркімен кетулерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әрине, мұндай шаралар оларды жағымсыз әрекеттерден сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді сөзін Л. Қасымжанова.

Сонымен қатар, 241 профилактикалық іс - шаралар өткізілді, оның ішінде теміржол төсеміне жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен-61, теміржол және әуе ұйымдарының ұжымдарымен - 91, өзге де мекемелермен-89.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 20-24 қаңтар аралығында Көліктегі ПД-нің қызмет көрсету аумағында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік»қағидаты бойынша кең көлемді акция өтуде.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -