Атырау әуежайында Қытай елінде пайда болған Этиологиясы белгісіз короновирусты анықтау және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді

8968



Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен Атырау халықаралық әуежайында инфекция ошағын оқшаулау және індетке қарсы алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізді.

На изображении может находиться: 1 человек, стоит

Оқу-жаттығудың мақсаты — облыс аумағына короновирустық инфекцияның тіркелген жағдайында арнайы қызмет құрылымдарының дайындығын қамтамасыз ету.

На изображении может находиться: стол

Этиологиясы белгісіз пневмонияға күдікті науқасқа алғашқы көмек көрсету және инфекцияның таралуын алдын алуға бағытталған профилактикалық іс шаралар алгоритмдеріне сәйкес құрастырылған төмендегідей шартты оқиға бойынша жүргізілді.

На изображении может находиться: люди сидят

- 2020 жылдың 27 қаңтарында күні сағат 16.00-де  шетелдік компанияда жұмыс жасайтын Қытай азаматы Атырау халықаралық әуежайына  Стамбул-Атырау КС- 870 рейспен қызуының күрт көтерілуіне, жалпы әлсіздік, қатты басының, бұлшықеттерінің ауырсынуына, тамағының ауыруына шағымданып қаралған. 

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

- Науқасты анықтаған Атырау халықаралық әуежайының бас маманы сұрастыру кезінде оның 25 қаңтар  күні сағат 11.00-де Қытай Республикасы Ухан қаласынан келгенін анықтаған.

На изображении может находиться: 1 человек, сидит

- Шұғыл әрекет ету схемасына сәйкес Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына және Атырау облысы ТКҚСҚБ департаменті басшыларына хабарлады.

На изображении может находиться: один или несколько человек

- Атырау халықаралық әуежайы СКП және медпункт мамандары алгоритмге сәйкес індетке қарсы іс шараларды  жүргізеді. 

На изображении может находиться: на улице

Шұғыл хабарлау схемасына сәйкес Облыстық денсаулық сақтау басқармасына, Атырау облысы ТКҚСҚБ департаментіне немесе басқармасына,  Атырау обаға қарсы күрес станциясына хабарлайды. 

На изображении может находиться: один или несколько человек и люди стоят

Науқасқа көмек көрсету үшін инфекционист дәрігерді, күдікті науқасты тасымалдау үшін эвакобригаданы шақырады. Әуежайдан шығу және кіру, қабаттар арасында жүру уақытша тоқтатылады. Күдікті науқас анықталған бөлмеге, әуежайдың кіретін есіктеріне санитариялық посттар қойылады. 

На изображении может находиться: 1 человек

СКП маманы қорғаныш костюмын киіп жедел жәрдем көлігімен санитариялық торапқа келеді. Кезекші медициналық қызметкермен ұшақ ботына көтеріледі. СКП маманы  жолаушыларды ұшақтағы науқас жөнінде хабарлайды. Бас бортпроводниктің қатысуымен науқастан эпиданамнез жинайды, келген жолаушылар мен экипаж мүшелерінің санын анықтайды.

На изображении может находиться: 1 человек

Науқастың клиникалық белгілерін, эпидемиологиялық анамнезін ескере отырып, «Этиологиясы белгісіз пневмония?» диагнозымен әуежай медициналық қызметкерімен науқас анықталған жері бойынша изоляторға оқшаулайды.

На изображении может находиться: один или несколько человек

- Қарым-қатынаста болған жолаушылар мен экипаж мүшелерін СКП маманының қатысуымен халықаралық келу залына әкеледі. Олардың арасында сауалнамалар жүргізіліп, аты-жөнін, мекендерін, кеткен уақыты мен келген уақыттары сұрастыру жүргізеді.

На изображении может находиться: один или несколько человек и люди стоят

Консультанттар, жедел жәрдем бригадасы, дезинфекциялық қызмет  келеді. Дәрігер-консультанттар  бортқа қорғаныш костюмдерімен көтеріліп эпиданамнез, температурасын, қан қысымын өлшеуді және науқастың жағдайының қаншалықты екеніне қарауды жүргізеді. Диагноз расталған жағдайда науқасты жедел жәрдем көлігімен  алып кетеді.

СКП маманы қорытынды дезинфекция жүргізу үшін  эпидемиологиялық ошақтың шекарасын анықтап береді. Ұшақ бортында қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

СКП маманы Атырау облысы ТКҚСҚБ департаменті мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарым-қатынаста болған жолуашылар мен экипаж мүшелерін  жинақталған паспорттық мәліметтері бойынша тұрғылықты мекен-жайы бойынша бақылауға алу үшін береді. Барлық қарым-қатынаста болған адамдарға ауру белгілері пайда болған жағдайда  жергілікті мекен-жайы бойынша емдеу мекемелеріне дәрігерге жүгінуі қажеттігі ескертіледі.

Жолаушылар паспорттық бақылау және жүктерін тексертуден өткізеді.

Дезинфекциялық қызмет жолаушылар отырып кеткен залда дезинфекция жүргізеді.

- СКП маманы  әуежайдың өндірістік-диспетчерлік қызметіне оқу-жаттығудың аяқталғаны туралы хабардар етеді.

Атырау облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмағалиев Амантай Төлегенұлы

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -