Бірыңғай жиынтық төлем тұралы

3707



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №203-VI Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) енгізілуі қарастырылған.

Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акциздік өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілері деп танылады.

Осыған байланысты, басқа жеке тұлғаларға қызмет атқаратын және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерді өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлейді. Мысалы, егер заңды тұлғаға және (немесе) дара кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, осындай қызметті көрсететін жеке тұлғаның – БЖТ қолдануға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, бірқатар шектеулердің заңнамамен қарастырылғанына назар аударамыз.


БЖТ төлеушілері болып мыналар танылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерi аумағында, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын, оның iшiнде меншік құқығындағы, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару сауда объектілерін қоса алғанда, қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға (мүлiктiк жалдау) беретін тұлғалар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуі бар адамдар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды.


Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген немесе жекеше практикамен айналысатын тұлғалар және стационарлық орындар арқылы қызмет атқаратын (коммерциялық объектілер – сауда объектілері, базарлар және т.б),  (тұрғын үйді қоспағанда) мүлікті жалға беретін тұлғалар БЖТ төлеушілері бола алмайды.

Осыдан басқа, БЖТ төлеушінің  табыс мөлшері күнтiзбелiк жыл үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1175 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс (2020ж - 3 114 925 теңге).

Жеке тұлғалар, бірыңғай жиынтық төлем жасалған күннен бастап мұндай төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.

БЖТ жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары қосылады.


БЖТ мөлшері:

– 1 АЕК - республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, астана үшін (2651 теңге);

– 0,5 АЕК – басқа елді мекендер үшін (1326 теңге).


Бюджет пен қорлар арасында төлемдердің бөлінуі ыңғайлы болу үшін, БЖТ банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аудару жолымен бір төлем тапсырмасымен жалпы сомамен төленуге жатады, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БЖТ-ді төмендегіше бөледі:

  • жеке табыс салығы (бюджетке 10%);
  • әлеуметтік төлемдер (ӘСМҚ-на 20 %);
  • зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ-на 30 %);
  • МӘМС –ға аударымдарына (ӘМСҚ-на 40 %).

фото: Tengrinews
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -