Түркиялық жас ғалымдармен бірлескен ғылыми жобалар жүзеге асады

1099


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университеті арасындағы ынтымақтастық қатынастар нығайып келеді. Өзара әріптестікті дамыту мақсатында қазақстандық жоғары оқу орнының делегациясы аталған білім ордасына арнайы сапармен барды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан мәлімдеді. 

На изображении может находиться: 3 человека, люди стоят, костюм и в помещении

Сапар аясында Қыздар университетінің Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры Нұрғали Аршабеков түркиялық оқу орнының ректоры Мухсин Кармен кездесті. Тараптар бірнеше бағыт бойынша бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жайын талқылады.

– Бүгінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әлемнің 70-ке жуық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық байланыс орнатқан. Оның ішінде бірнеше іргелі білім ордасымен қосдипломды білім беру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Соның бірі сіздердің университеттеріңіз. Қазіргі күнде Түркиядағы кадрлар даярлайтын негізгі орталықпен біздің университет тығыз қарым-қатынаста. Десе де уақыт талабына сай ынтымақтастықты одан ары қарай дамытуға қос тарап та мүдделі деп ойлаймын, – деді Нұрғали Аршабеков.


Өз кезегінде Нийде Өмер Халисдемир университетінің басшысы бауырлас мемлекеттер ынтымақтастығының стратегиялық сипаты мен бағытына кеңінен тоқталып, түбі бір туыстас халықтардың достығын әрмен қарай тереңдете түсуге ниетті екендігін жеткізді. 

– Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар өзара бірлікке, достық пен сенімге негізделген. Ортақ тарих пен бір мүдде һәм ортақ рухани құндылықтарға негізделген әріптестігіміз қарқынды дамып, әсіресе білім беру мен ғылымды дамыту бойынша нығая түсетіндігіне сенімдімін, – деп атап өтті өз сөзінде Мухсин Кар.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірнеше келісімдерге қол жеткізді. Атап айтқанда, түркиялық ғалымдар Қыздар университетінің профессор-оқытушыларына ғылыми зерттеу әдіснамасы мен ғылыми жобалардың зерттеу жоспарын сапалы құру және педагогтардың цифрлық дағдыларын дамыту бойынша семинар-тренингтер өткізбек. Сонымен қатар бакалавриат пен магистратура деңгейлерінде қосдипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылмақ. 

– Сапар аясында қозғалған мәселелердің басым бөлігі ғылыми-зерттеу бағытын қамтиды. Түркиялық әріптестермен кездесу барысында Нийде университетінің Хирш индексі жоғары ғалымдарымен бірлесіп Scopus базасына енетін журналдарға мақалалар басып шығару, сол ғалымдармен химия, биология, физика, математика, информатика бағыттары бойынша бірлескен ғылыми жобалар жасау және аталған пәндер бойынша Қыздар университетінің студенттеріне модульдік дәрістер оқу, біздің университет Хабаршы журналының редакциялық алқасының мүшесі болу жайы қарастырылды. Сондай-ақ қос оқу орнының бакалавриат, магистратура, PhD білім алушылары бірлесіп стартап жобаларды жүзеге асыру мәселесі де қаузалды, – дейді қазақстандық делегация өкілдері.


Жиын соңында сөз алған Мухсин Кар Қыздар университетінің өкілдеріне өзара ынтымақтасты тереңдету мақсатындағы сапары үшін ризашылық білдіріп, кездесу нәтижесін жоғары бағалады. Ол білім және ғылым салаларындағы әріптестікті тереңдету мәселелеріне қатысты келіссөздердің маңызына тоқталып, оның оң  нәтиже беретінін баяндады.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -