Astana Hub тегін акселерациялық бағдарламаның 7-ші ағымына өтінімдер қабылдайды

1132

Astana Hub 2020 жылғы бірінші акселерациялық бағдарламаға өтінімдер қабылдайды. Акселератор – технологиялық стартаптарды дамытудың қарқынды 3 айлық бағдарламасы.

Стартаптарды жаңа ағымда халықаралық сарапшылардың білім беру тренингтері, салалық мамандармен жеке консультациялар, жобаға жеке трекер дәне тәлімгерлік бағдарламасы, бизнес-періштелер мен қорлары бар инвестициялық сессиялар күтіп тұр.

Astana Hub технопаркі акселерациялық бағдарламаны тегін өткізіп, Қазақстанның және басқа елдердің стартаперлері мен тәжірибелі кәсіпкерлеріне қысқа мерзімде өз жобларын дамытуға мүмкіндік береді. Astana Hub халықаралық орталық болғандықтан, акселерацияны Қазақстан ғана емес, шет елдерден келген азаматтар да өте алады. 

Бұдан басқа, Astana Hub кәсіби нетворкинг, тегін кеңсе кеңістігін, сондай-ақ технопарктің ресми тіркелген қатысушылары үшін ерекше салық және визалық режимді ұсыну жолымен қазақстандық технологиялық стартаптарды белсенді дамытуға жағдай жасайды.

Қатысушыларға келесі мүмкіндіктер беріледі: 

-Халықаралық сарапшылардан 200+ сағат білім беру тренингтері

-240+ салалық мамандармен жеке консультациялар сағаты

-Жобаға жеке трекер мен тәлімгерлік бағдарламасы

-Коворкингке кіру және тұру

-Бизнес-періштелері мен қорлары бар инвестициялық сессиялар

-17 R&D зертханаларға қол жеткізу

-Медиа салада сіздің жобаңзды PR ілгерлету

-Корпорациялар мен мемлекеттік органдарға қолжетімділік
 

«Акселерация бағдарламасы – стартаптармен жұмыс істеудің ең тиімді құралы. Бағдарлама қорытындысы бойынша жоба инвестиция тарта алады. Бірақ акселерацияның негізі инвестициялар емес, стартаптың негізін қалаушы және оның командасы алатын білім мен дағдылар», - деп атап өтті Astana Hub бағдарлама департаментінің менеджері Айвар Құрманов.


Бүгінгі таңда Astana Hub акселерация бағдарламасынан 138 стартап өтті. Соңғы 5-6 ағымға бүкіл Қазақстаннан 191 өтініш келіп түсті. Іріктеу турының қорытындысы бойынша MVP сатысындағы 60 табысты жобаны 12 апта ішінде одан әрі дамыту және масштабтау үшін іріктелді. Бұл e-commerce, білім беру, денсаулық сақтау, компаниялардың бизнес-процестерін автоматтандыру саласындағы жобалар. 

       Әр акселерациялық бағдарламаның қорытындысы бойынша Demo Day өтеді, онда үздік стартаптар әлеуетті инвесторлар алдында өз жобаларын ұсынады. Түлек-стартаптардың басты міндеті – әлеуетті инвесторларды қызықтырып, өз жобасын дамытуға инвестиция тарту. 

Бағдарламаға өтінім беру үшін масштабталатын өнімнің немесе идеяның, MVP сатысындағы жоба, команданың кемінде 2 негізгі қатысушыларының болуы және негізін қалаушылардың толық тартылуы (қосымша және параллель қызметсіз) қажет. Өтінімдер 2020 жылдың 2 наурызына дейін қабылданады. Тіркеу үшін сілтеме: https://accelerator7.astanahub.com.



Фото : pixabay.com
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -