2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қою мерзімі үш жылды құрайды

884

Алматы облысы  бойынша МКД 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 48-бабына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайтынын жеткізеді.

Үш жылды құрайтын талап қоюдың ескіру мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтардан  пайда болған салықтық міндеттер мен талаптарға қолданылады.

Салық кодексінің 48-бабында көзделген алып тастаулар мен ерекшеліктер бойынша ережелерді есепке ала отырып,  салықтық міндеттемелер мен талаптар бойынша 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі  үш   жылды құрайды,  алып тастаулар ережелерден басқа. 

 Осыған байланысты көрсетілген норманы әр түрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасында тиісті түзетулер бастамашылық етілді.

 Түзетулер әлі  қабылдынған жоқ және  енгізілген жоқ .

«Қазақстан Республикасының Салық Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер қолданысқа енгізілгенге дейін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап  және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған салықтық міндеттеме мен талап бойынша,  Салық кодексінің 48-бабында көзделген алып тастаулар мен ерекшеліктер бойынша ережелерді есепке ала отырып,  талап қоюдың үш жылдық ескіру мерзімін қолдану қажет, ал салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -