Қыздар университеті кең көлемде кәсіби бағдар жұмысын жүргізуде

2050

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне студенттер тарту, оқу орнының қоғамдағы жағымды имиджін көтеру мақсатында еліміздің бірнеше облысында кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, білім ордасының оқытушылары мен қызметкерлерінен құрылған топ мүшелері Алматы, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына арнайы іс-сапармен барды.

Кәсіби бағдар жұмысы 41 аудан мен қаладағы 72 мектепте жүргізілді. Шара барысында топ мүшелері 11-сынып оқушыларына Қыздар университеті туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар биылғы талапкерлер www.kazmkpu.kz ресми интернет-ресурсы арқылы сауалнама толтырып, сайтта өздері туралы мәлімет қалдырды. Шара барысында сондай-ақ болашақ студенттер кәсіби бағдар беру тестін тапсырып, қай мамандыққа бейім екендігін анықтауға мүмкіндік алды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 1036 оқушы педагогикалық оқу орнына түсуге ниет білдірген. Атап айтқанда, Алматы облысынан 336, Ақтөбе облысынан 196, Түркістан облысынан 186, Қызылорда облысынан 176 және Батыс Қазақстан облысынан 142 оқушы Қыздар университетінде білім алғысы келетінін жеткізген. Жұмыс тобы мүшелерінің сөзіне сенер болсақ, бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өсуі мүмкін. Өтініш беруші талапкерлердің арасында «Химия-биология», «Математика-География», «Шет тілі-Биология», «География-Шет тілі» және «Дүниежүзі тарихы-География» бейіндік пәндерін таңдағандардың саны көп.

Осы орайда айта кетейік, қарашаңырақ оқу орнына білім алушыларды тарту орайында мектеп және орта арнаулы білім беру ұйымдарын бітіруші түлектерге арналған «Ашық есік күндері» әр факультет пен кафедрада жиі ұйымдастырылады. Онда талапкерлер педагогикалық білім ордасымен кеңінен танысып, қабылдау шарттарын меңгереді. Сондай-ақ оларға қосдипломды білім беру және академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы да толыққанды ақпарат беріледі.

Қыздар университеті әлемдегі тек аруларға арналған бірден-бір жоғары білім ордасы. Оқу орны 75 жыл ішінде 60 мыңнан аса педагог дайындап шығарған киелі шаңырақ. Білікті мамандар дайындауда көш бастап келе жатқан университетте бүгінде 700-ге жуық тәжірибелі ғалым-ұстаз қызмет атқарып, бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша білікті педагогтар даярлайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -