Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабырғасында

1883


Ағымдағы жылдың 5 наурызында Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтар мен шенеуніктерді ашық және парасатты болуға баулу мақсатында ашық есік күнін өткізді.

На изображении может находиться: 14 человек, люди стоят и в помещении


«Ашық есік күні» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік аясында игі дәстүрге айналған акция.

Іс-шара барысында қатысушыларға департамент ғимараты бойынша экскурсия жүргізіліп, қызметкерлердің еңбек жағдайлары, сондай-ақ тергеу жұмыстарын жүргізу және уақытша ұстау бойынша бөлмелер көрсетілді.

На изображении может находиться: 7 человек, люди сидят и в помещении

Сонымен қатар, «Antikor ortalygy» сервис орталығының базасында экскурсанттарға арналған «Сыбайлас жемқорлық мотиві бар құқыққа сыйымсыз әрекеттерден сақтау» тақырыбында тренинг өткізілді, сондай-ақ тыңдаушылар мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

На изображении может находиться: 9 человек, люди стоят, костюм и в помещении

Азаматтық ұстанымды нығайту мақсатында тыңдаушылардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірыңғай «1424 Call – орталығына» аударды.

На изображении может находиться: 15 человек, люди стоят

На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят

На изображении может находиться: один или несколько человек и люди сидят

На изображении может находиться: 6 человек, люди стоят, обувь и в помещении

Өткізілген акцияны қорытындылай келе, аталмыш акция жастардың белсенділігін және қызығушылығын тудырғанын атап өткен жөн.  

 

«Мен осы ашық есік күні туралы білгенде бірден қатысуға шешім қабылдадым. Оқу жылы бойы «Саналы ұрпақ» жобасы аясында бізге түсіндіру жұмыстарын өткізіп, соның арқасында біз кез – келген саладағы, жалпы өмірдегі жауапкершіліктің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын ұғынып келеміз. Бірақ мен әрдайым Департамент ішіндегі жұмыс қалай ұйымдастырылғанын көргім келіп еді», - деді Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті Алтынбаев Қуаныш.




Естеріңізге сала кетейік, парасатты ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мұндай іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -