Алматы, Казахстан

Университет ұжымы: Мұғалім мамандығының абыройын арттырады

28 августа 2019, 11:24538



«Педагог мәртебесі туралы» заң мұғалім мамандығының абыройын арттырады. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұжымының пікірі осындай.

«Ұстаздық өте жауапты мамандық. Ол – мектептің де, қоғамның да, мемлекет пен адами капиталдың да басты өзегі һәм негізі. 

Осы орайда аталған Заң жобасына ұсыныс әзірлеуге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен жас ғалымдары белсенді атсалысты. Әсіресе, Қазақстан жас ғалым-педагогтары Қауымдастығының мүшелері «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі ұстаздың қазіргі жағдайы», «Орта білім берудегі педагог мәртебесі», «Қазіргі колледждегі білім деңгейінің көрінісі және педагог мәртебесі» және «Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптарды күшейту» бағыттары бойынша ашық пікірталастар өткізіп, педагогтың қазіргі жағдайы, педагог механизмі туралы нақты ұсыныстарын Білім және ғылым министрлігіне жолдады. 

Ресми деректерге сүйенсек, қазір әлемде төрт мыңнан астам мамандық бар. Соның ішінде ұстаздық қызметтің беделі – биік, абыройы – зор. Қандай да бір қоғам, қандай да бір заманауи өзгерістер болмасын, педагог білім беру саласында басты тұлға ретінде маңызды рөл атқарып қала бермек.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты ел халқына арнаған Үндеуінде: «Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі  өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында» деп атап өткен болатын. Бұл тұрғыда «Педагог мәртебесі» туралы заң – мұғалімдердің өзін өзі дамытуға, шығармашылық әлеуетінің артуына, олардың кәсіби тұрғыда дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тың серпін бермек. Сәйкесінше, мұғалімдермен қатар, педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарына қойылатын талап, жүктелетін жауапкершілік те күшейеді», – деп пікір білдіреді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы. 

 

комментарии
Авторизуйтесь на сайте,чтобы писать комментарии!

2006 - 2019 © Деловой Казахстан. 16+

Сайт разработан веб-студией A-Lux