Перейти к основному содержанию
12 Февраля 2019  14

Елдегі көлік ұрлығының үштен бірі Алматыда болады

Елдегі көлік ұрлығының үштен бірі Алматыда болады

Қазақстандық сақтандырушылар бөтеннің көлігін қолды қылудан көш бастап тұрған өңірлерді атады.

Бас прокуратураның 2018 жылғы деректеріне сүйенген Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары криминалдық рейтинг жасапты. Олардың есебіне зер салсақ, көлік ұрлығының басым бөлігі 255 оқиға (немесе 10 мың адамға 13.8) тіркелген Алматыда болған екен. Десе де, 2017 жылдағы деректермен салыстырғанда бұл бірнеше пайызға төмен көрсеткіш. Екінші орында тұрған Қарағандыда 2018 жылы 108 көлік ұрлығы тіркеліпті. Ал үшінші орын Шымкенттің (51 ұрлық) еншісінде.

Аймақтар Ұрлық саны Ұрлық оқиғасының әр облысқа шаққандағы үлесі Халық саны, адам 10 000 адамға шаққандағы ұрлық саны
1 Алматы 255 34.1 % 1 843 103 13.8
2 Қарағанды облысы 108 14.4 % 1 379 262 7.8
3 Қостанай облысы 45 6.0 % 873 721 5.2
4 Шымкент 51 6.8 % 1 010 514 5.0
5 Ақтөбе облысы 40 6.3 % 866 422 4.6
6 Павлодар облысы 25 3.3 % 753 940 3.3
7 Қызылорда облысы 22 2.9 % 791 551 2.8
8 Астана 28 3.7 % 1 060 835 2.6
9 Маңғыстау облысы 17 2.3 % 673 268 2.5
10 Алматы облысы 48 6.4 % 2 033 128 2.4
11 Жамбыл облысы 23 3.1 % 1 122 839 2.0
12 ШҚО 27 3.6 % 1 380 060 2.0
13 Ақмола облысы 12 1.6 % 739 612 1.6
14 Түркістан облысы 30 4.0 % 1 968 899 1.5
15 Атырау облысы 7 0.9 % 630 545 1.1
16 БҚО 7 0.9 % 650 823 1.1
17 СҚО 3 0.4 % 555 737 0.5
  Барлығы 748  

Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары көлік ұрыларынан ада екен. Ал жалпы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті берген деректерге сенсек, елде 2018 жылы 748 автокөлік қолды болыпты. Қылмыскерлер көбіне жапониялық көліктерге көз тігетін көрінеді.

Сөз реті келгенде айта кететін бір жәйт, біздің солтүстіктегі көршімізде көлік ұрлығынан Санкт-Петербург пен Ленинград облыстары, сонымен қатар Мәскеу мен Мәскеу облысы көш бастап тұр екен. РФ ІІМ берген деректерге сәйкес, 2018 жылы бұл елде 26 мың автокөлік қолды болған.

 

Kolesa.kz