Перейти к основному содержанию
14 Марта 2019  16

«Астана Опера» Наурызды қарсы алуға шақырады

выв

21 наурызда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Қош келдің, Наурыз!» музыкалық кеші ұсынылмақ, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Камералық залда өтетін концерт сағат 18:00-де басталады.

Мерекелік кеш барысында «Астана Опера» солистері Салтанат Мұратбекова, Әсем Сембина, Шыңғыс Расылхан; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова, Ержан Саипов, Ақылбек Табынбаев, Руслан Совет, Мағжан Аманжолов, Ұлпан Әубәкірова, Гүлсара Жазитова, Азат Мәлік, Алмат Ізбамбетов өнер көрсетеді. Сондай-ақ Камералық зал сахнасына аспапшы музыканттар – «Dolce» скрипкашылар ансамблі, Раушан Бескемпірова, Әбдіахмет Оразбақов (фортепиано), Ақмарал Байқуатова (қобыз) шығады.

Осынау көне мейрам барша түркі халықтары үшін көктемнің жаршысы, табиғаттың жаңарып, гүлдену шағы, махаббат пен достықтың нышаны болып табылады. Театр ұжымы атынан қымбатты тыңдармандарымызға ыстық лебізімізді білдіріп, Наурыз мерекесі әрбір шаңыраққа молшылық, құт-береке, сәттілік ала келсін деп тілейміз. Жүректеріңіз қуанышқа толсын, ал жаныңызда әрдайым жақсы әуен шырқалсын, - дейді орындаушылар.

Бағдарламаға көпшілік сүйіп тыңдайтын қазақ халық әндері, отандық композиторлардың вокалдық және аспаптық туындылары, ұлттық опералық классикадан ариялар мен сахналық көріністер енген.

Бұдан бөлек, мереке күндері 22 және 23 наурызда елорда тұрғындары мен қонақтарына ұлттық классикамыздың жауһар туындысы – Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы ұсынылады. Ал 24 наурызда Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Жанымды тербеткен әуен» атты хор музыкасына арналған концерт өтеді. Дирижер Гүлмира Құттыбадамованың жетекшілігімен Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры хор музыкасының озық туындыларын шырқайды деп күтілуде. 28 наурызда ең жас көрермендер үшін театрдың шығармашылық ұжымы Тілеуғазы Бейсембектің «Самұрық келген таң» музыкалық ертегісін ұсынады. Ал 27 наурызда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін осы спектакльдің  қайырымдылық көрсетілімі  өтеді.

Акимат Астаны

Фото Акимат Астаны