Перейти к основному содержанию
15 Марта 2019  14

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі алматылықтар мен қала қонақтарын Наурызға арналған мерекелік бағдарламаға шақырады

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі алматылықтар мен қала қонақтарын Наурызға арналған мерекелік бағдарламаға шақырады

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі алматылықтар мен қала қонақтарын Наурызға арналған мерекелік бағдарламаға шақырады. 2019 жылдың 22 наурызынан 2 сәуірге дейін музей балалар мен олардың ата-аналарына арналған «Әсем Әлем Джуниор» атты орыс тіліндегі жаңа эстетикалық білім беру бағдарламасын өткізеді. Бағдарлама өнер тарихы туралы балаларға арналған «Алғашқы өнер», «Антикалық өнер», «Қытай мәдениеті», «Ежелгі Египет өнері», «Барокко дәуірінің өнері» және басқа осы сияқты қызықты қысқа дәрістерден тұрады.

апркен65н56н

Өнер қашан пайда болды? Алғашқы суретшілер кімдер болды? Тарихқа дейінгі уақыттарда не бейнеленді? Алғашқы көркемөнер материалдары қандай болды? Осы және өзге де сұрақтарға, мәселен жас тыңдаушылар «Әсем Әлем Джуниор» атты қызықты, білім беру бағдарламасының бірінші дәрісінде жауап таба алады. «Алғашқы өнер» дәрісінде «Сөйлейтін петроглифтер» атты практикалық сабақтың көмегімен әрбір қатысушы өз өміріндегі оқиғаны таста бейнелеу арқылы айтып бере алады. Қатысуға 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар мен олардың ата-аналары шақырылады. Әрбір дәріс осындай практикалық сабақтарды енгізеді. Сабақтың бағасы: дәріс - 500 теңге, практикалық сабақ - 2000 теңге. Толығырақ : +7 701 999 77 74 телефоны бойынша.апрен56некн

2019 жылдың 23 наурыз күні музейдің Арт-зертханасы Тамғалы археологиялық кешеніндегі жартасқа салынған суреттерге «Тамғалы петроглифтері» экскурсия-пленэр ұйымдастырады. Жабдықталған автобустағы экскурсия бағыты ашық аспан астындағы музей-ескерткіш туындыларымен, сол аймақтың тарихымен таныстыратын болады. Билеттің бағасына  (6500 теңге)  – барып-келу, экскурсия жүргізушінің қызметі мен экологиялық алым кіреді. Қатысамын деп ниет білдіргендер пленэрге  (ашық аспан астындағы кескіндеме сабақтары) қосыла алады. Көркемөнер материалдары сапар бағасының ішіне кірмейді. Сапарға түскі асты өзіңмен бірге алып жүру қажет. Автобус музейден таңертеңгі 9.00 шығып, кешкі 20.00. оралады. Толығырақ ақпарат +7 777 29 89 049.

апр6н56н56рн

2019 жылдың 24 наурыз күні  музейде 10.00-ден 18.00-ге дейін қолөнер жәрмеңкесі және Шаймен сыйлау өтеді. Толығырақ ақпарат +7 (727) 394 57 15.

Барлық мектеп демалыстарында – оқушыларға музейге кіру тегін. Наурыздағы мерекелік аптада барлық ұлттық костюммен келген келушілер үшін – музейге кіру

авпкуе54е5п 

 

Клара Исабаева – Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің баспасөз қызметінің жетекшісі