Перейти к основному содержанию
15 Марта 2019  48

Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нақыштары»

Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нақыштары»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2019 жылдың 18 наурызы күні сағат 12.00-де Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өткізеді.

          Қазіргі заманда қайта жанданған Наурыз мерекесі бүгінгі өмір тынысымен де біте қайнасып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім, өзара сыйластықты нығайтуда маңызды рөл атқаруда.  Бұл көктемгі мереке ізгілік пен сүйіспеншілік салтанат құратын, табиғатқа жан бітетін, барша жақсылық бастамасы, мейірімділік, махаббат пен құнарлылықтың жарқын күштерінің салтанатын бейнелейді. Ертеден-ақ, Наурыз мейрамы кезінде әр ауыл-аймақтың жұрты жиналып, бір-бірімен көрісіп-жүздесіп, есен-саулық сұрасқан, түрлі ұлттық ойын («Қыз қуу», «Айқыш-ұйқыш», «Аударыспақ», «Тоғыз құмалақ» және т.б.), дәстүрлі  ат жарыстары («Бәйге», «Жорға жарыс», «Көкпар») ұйымдастырылып, ән шырқалып, күй тартылып, мың бұрала би билеп, арқа-жарқа болысқан. Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі «Тұсау кесер», «Бесікке салу» сынды ғұрыптық жоралғыларды Наурыз мерекесі кезінде атқарудың да маңызы зор.    

 «Наурыз нақыштары» мейрамы Мемлекеттік орталық музейде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шаралардың біріне айналып отыр және Қазақстан халықтарының мәдени дәстүрлерінің біртұтас нышаны саналады. 

вапкен65н65рер

           Осы мереке күні музей қонақтары үшін: ҚР Орталық музейі келушілердің назарына «Сыр сақтаған сандықтар...», сондай-ақ Қазақстан суретшілері мен мүсіншілерінің «Көктем шуағы» атты көрмесі (кескіндеме, графика, мүсін және қолданбалы жұмыстар - Ж.Керімбек, Тұрбай Мұратбек, Р.Сүлейменов, А.Байдаралин, Е.Ахаев, Е.Асембайұлы, Е.Шарапова, М.Қорқыт, Омран Шейхмус, М.Грибова, Қ.Тұлақбаева, А.Манкеев, К.Оңғарова, ...) ұсынылады.  

авпе5н65н6р6е

Балалар үйлеріндегі балалар, тұрмысы төмен отбасылар және қоғамның  әлеуметтік қорғалмаған отбасылары, қаланың түзеу мектептерінің оқушылары үшін арнайы: қазақтардың этнографиясымен және тұрмысымен таныстыратын «Әжемнің сандығының құпиясы», суретші Н.Г.Хлудовтың шығармашылығына арналған,  «Дәстүрлі қазақ мәдениеті әлеміне» экспозициясы негізінде интерактивтік музейлік сабақтары, қазақтың салт-дәстүрлерін, оның ішінде үйлену тойын көрсететін «Беташар» театрлық қойылымдары; О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұсынатын ұлттық киімдер үлгілері көрсетіледі; музыкалық топтар мен ансамбльдердің қатысуымен концерт өткізіледі.  

апрененг65г6р

Музейге келушілерге суретшісі А. Төлеубаевадан мерекелік дастарханға батикпен сурет салу арқылы перфомансқа қатысу қызықты болады.  Іс-шараға «Ажарлы», «Uldana Kazax» сән салондары қатысады. Барлық тілек білдірушілер үшін музейдің экспозициялық залдары бойынша экскурсиялар және Қазақстанның өнер шеберлері мен жетекші суретшілерінен, сондай-ақ О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері мен оқытушыларынан қолөнер түрлері мен қолөнердің дәстүрлі түрлері бойынша шеберлік-сабақтары ұйымдастырылады.  

ҚР  Мемлекеттік орталық музейі