Перейти к основному содержанию
15 Апреля 2019  18

Суретшілер Қазақстанның қолөнершілері бiзге кельген

Суретшілер Қазақстанның қолөнершілері бiзге кельген

2019 жылғы 17 сәуір күні сағат 16: 00-де "Almaty Art center" орталағанда ҚР Суретшілер Одағының Түркістан облысы мен Шымкент қаласы филиалдарының "Шырайлы Шымкент. Киелі Түркістан" есептік көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

 

2019 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының бастамасы бойынша еліміздің облыстық ұйымдарынан Алматыға есеп беру көрмелерін өткізу жоспарланған.  Мұндай республика суретшілерінің шығармашылығын ұсыну бойынша кең ауқымды шығармашылық акция тәуелсіздік жылдары алғаш рет өтеді.

 

Бұл республикалық форумды ірі облыстық ұйымдардың бірі - Түркістан облысы ашады. Бұл үлкен ұжымда көптеген қызықты шеберлер жұмыс істейді. Оңтүстік өңірінің жылуымен жылынған берекелі жер талантты суретшілерді өсірді. Оңтүстік аймақтың кескіндемесі әрдайым ерекше энергетикасымен, бояулардың құлпыруымен, ұлттық дәстүр, мәдениетпен ажырамас байланысымен ерекшеленді.

 

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы 130-дан астам кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынады. Қазіргі қазақ өнеріне тән стильдердің, мәнердің, шығармашылық әдістердің алуан түрлілігін көрмеде көруге болады.

 

Ұзақбай Қошқынбаев, Араншы Шаржанов, Ерғали Палымбетов, Асан Байназаров, Қарлығаш Қансейіт, Құттыбек Жақып, Сәуле Ахметова, Күләш Айдарбекова, Кендебай Қарабдалов, Батухан Байменнің шығармашылығы шынайы қызығушылық тудырады.

 

Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағы өзінің зияткерлік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өткенді және қазіргі заманды ұғынуға, Қазақстан халқының рухани-эстетикалық қалыптасуындағы бейнелеу өнерінің рөлін белгілеуге тырысады.

 

Көрме 2019 жылдың сәуірдің 17-нен маусымның 12-не дейін жұмыс жасайды.