Қазақстан мен Өзбекстан әскерлерінің өзара іс-қимылы «Hamkorlik-2021» оқу-жаттығуында пысықталады

9977

Бірлескен оқу-жаттығудың ашылуы Өзбекстанның оңтүстігіндегі «Термез» өңірлік полигонында өтті. Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы Күштері әскери бөлімшелерінің контингенттерін үйлестіруге және олардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен тапсырмаларды пысықтайды.

Оған Қазақстаннан 100-ден астам әскери қызметші қатысып, сонымен қоса Су-30СМ көпфункционалды жойғыш буыны, С-295 әскери-көлік ұшақтары, тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Оқу-жаттығу барысында қазақстандық бөлімшелер іздестіру-барлау іс-қимылдарын жүргізу, қарсыластың ойламаған жерден жасаған шабуылының алдын алу, оның озық жасақтарын жою, заңсыз қаруланған құралымдардың шабуылына тойтарыс беріп, оларды жою, сондай-ақ ұрыс даласынан жарақат алғандар мен істен шыққан техниканы көшіру сынды тапсырмаларды орындайды.

– Түрлі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды шешу барысында бұл оқу-жаттығу екі ел әскерлерінің өзара іс-қимылын үйлестіру мен деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Бас қолбасшының орынбасары – Құрлық әскерлерінің бас штаб бастығы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров.

«Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуы 24 қарашаға дейін жалғасады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -