Рияд қаласында «Қазақстан - 30 жыл дамуы» атты кітабының тұсау кесері өтті

4365

2021 жылғы 30 қарашада Рияд қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев күнін және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту шеңберінде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі, Сауд Арабиясының Орыс-араб зерттеулері мен ақпарат қорымен, сондай-ақ Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Ә.Назарбаев орталығымен бірлесе отырып, «Қазақстан - 30 жыл даму» атты кітабының араб тіліндегі тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кітапта мемлекеттің сыртқы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы негізгі бағыттары көрсетілген тәуелсіз Қазақстанның басты тарихи оқиғалары баяндалған. Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісіне, Елбасының әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін өткізу жөніндегі бастамасына бөлек тарау арналған.

Сонымен қатар, кітапта Қазақстан-Сауд ынтымақтастығының түрлі бағыттардағы дамуының маңызды кезеңдері қамтылған.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақтандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қатынастарды орнатудағы тарихи рөліне ерекше назар аударылған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -