Израильде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іс-шара ұйымдастырылды

4866

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ришон-Ле-Цион қаласындағы «Еске алу саябағында» Қазақстан тәуелсіздігінің және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым - қатынастардың 30 жылдығы құрметіне мемориалдық тақта ашылып, ағаш отырғызу рәсімі өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі мен қалалық Муниципалитет ұйымдастырған іс-шараға Израиль Сыртқы істер министрлігінің, дипломатиялық корпус, Қазақстан мен Орталық Азиядан келген отандастарымыздың қоғамдық бірлестіктері өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен журналистер қатысты.

Өз сөзінде Елші Сатыбалды Бұршақов Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның дамуы мен өркендеуіндегі тарихи рөлін ерекше атап өтіп, жиналған қонақтарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.

Елші Елбасы мен Израиль Президенті Шимон Перестің Қазақстан-Израиль қарым-қатынастарын қалыптастыру мен нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті. Дипломат Қазақстаннан келген отандастарға біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастарды қолдап, ілгерілетудегі үлесі үшін ерекше алғыс білдірді.

Ришон-ле-Цион мэрінің орынбасары Максим Бабицкий өз сөзінде 1941-1942 жылдары Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде еврейлерге баспана бергені үшін Қазақстан халқы мен үкіметіне алғысын білдірді. «Еврей халқы өмірді құтқарудың бұл әрекетін әрдайым есте сақтайды және біздің халықтарымыз арасындағы достық ғасырлар бойы сақталатынына сенімдіміз», - деді М.Бабицкий.

Мемориалдық тақтадағы жазба былай оқылады: «Бұл ағаштар Қазақстан Республикасы Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің және Ришон-ле-Цион қаласының атынан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Израиль Мемлекеті мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай отырғызылды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанның мыңдаған еврейлерге баспана бергенін есімізде сақтаймыз».

Ришон-ле-Цион Израильдің орталығында, Жерорта теңізінің жағалауында, Тель-Авивтен оңтүстікке қарай 7 шақырым жерде орналасқан. Негізгі өнеркәсіп салаларына - шарап жасау, құрылыс, қызмет көрсету және сауда жатады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -